Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Компьютердің балалар мен жасөспірімдер денсаулығына тигізер зиянды әсері24.01.2016ж.

 

Қазiргi заман талабына сай компьютер  қоғамның барлық саласымен қатар білім беру ұйымдарында да қолданысқа кеңiнен енгiзiлiп келедi. Сондықтан, компьютерді қолданатын балалар мен жасөспірімдер саны жыл сайын артып келеді. Компьютердi пайдаланудан туындайтын мәселелердің ең маңыздысы, компьютердiң адам денсаулығына келтiретiн әсерi. Әсiресе компьютердiң керi әсерi балалар денсаулығынан көбiрек байқалады

Компьютердің денсаулыққа кері әсері бірнеше факторлардан тұрады, олар электромагниттi, электростатикалық өрiс, ауаның иондалуы, оптикалық сәулелену, шу, жұмыс iстеу кезiндегi дененiң ширығуы. Осы факторлардың әрқайсысы бала денсаулығына керi әсер етуге өз үлесін қосады.

Облысымызда жұмыс істейтін барлық 666 мектеп, компьютерлермен жабдықталған. Жүйелі бақылау ұйымдастыру мақсатында компьютерлік сыныптардың барлығына паспорт жасалған, себебі жылда мектептерде компьютерлік техника жаңартылып отырады.

Ағымдағы қадағалау барысында оқыту жағдайына, белгіленген үзілістердің, жұмыс тәртібінің сақталуына, ұсынылған жаттығулардың орындалуына аса мән беріледі.

Компьютерлік сыныптарды тексеру зертханалық және аспаптық тәсілдерді қолдана отырып жүргізіледі.

Әдетте компьютердің кері әсер етуі балаларға көбінесе үй жағдайында немесе жылдан жылға көбейіп бара жатқан компьютерлік клубтарда байқалады. Себебi оқу орындарында, компьютерлiк сыныптар гигиеналық талаптарға сәйкестендіріліп, оқушылардың жұмыс iстеу уақыты, жағдайы педагогтардың жiтi қдағалауында болса, ал үйде және компьютерлік клубтарда балалар көбiнесе бұл талаптарды сақтамайды.

Монитор алдында өткізілген ұзақ уақыт ерте ме, әлде кеш пе денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды. Ол нерв жүйесiнің бұзылуына, көру мүшесiне, иммунитетке, без және жыныс жүйелерiне әсер етуі мүмкін. Ұзақ тапжылмай отыру, омыртқаға салмақ түсіріп, оның қыйсаюына әкелуі мүмкін.

 Жоғарыда аталған зиянды факторлар компьютерлік ойындармен әуестенген балалар денсаулығына әсіресе қауіпті.

Компьютерлік клубтардың иелері көбінесе табыс табуды ғана көздеп, санитарлық талаптардың орындалуына мән бермейді. Бұндай клубтар көбінде жарығы жеткіліксіз, қараңғы, желдетілмейтін, жұмыс орнының ауданы белгіленген нормаларға сай келмейтін бөлмелерде заңсыз ашылады. Санитарлық норма бойынша компьютермен үздіксіз жұмыс істеу уақыты балалр мен жасөспірімдердің жасына байланысты 10-45 минут, жоғары сынып оқушылары үшін бірінші сабақта 30 минут,және екінші сабақта 30 минут болса, компьютерлік клубтарда немесе  үйде әдетте балалар қатарынан 3-4 сағат немесе одан да көп уақыттарын өткізеді.

Бiрақ, компьютермен жұмыс iстейтiн кез келген адамның денсаулығы нашарлайды деуден аулақпыз, өйткенi денсаулықтың нашарлауы компьютермен жұмыс iстеу ережелері бұзылуынан, яғни компьютер алдында шамадан тыс уақыт өткiзу, жұмыс кезiнде белгiленген арақашықтықты сақтамаудан, жұмыс орнының дұрыс орналаспауынан, бөлменiң қажеттi деңгейде жарықтандырылмауынан пайда болады.

Сондықтан, компьютермен жұмыс істеген кезде балалар мен жасөспiрiмдер белгiленген гигиеналық ережелердi сақтауы тиiс, және де ата-аналар тарапынан да қатаң бақылау қажет.

Компьютердің кері әсерінің алдын алу үшін, компьютер жарық, желденетін бөлмеде орнатылғаны дұрыс, бейнемонитордан 70-80 см қашықтықта отыру қажет, бөлмені күнделiктi сулы шүберекпен тазалап отыру керек. Бөлменің ылғалдылығын арттыру үшін су құйылған ыдыстар, аквариумдар қоюға болады. Компьютемен үздіксіз 30 минутттан артық жұмыс iстеуге болмайды, әрбiр 10минут сайын жанарыңызды компьютерден алып, көзге жаттығу жасау қажет, мысалы терезеге қарап, табиғатты тамашалап дегендей. Компьютердi арнайы стол, орындықпен жабдықтаған жөн. Компьютермен жұмыс істеуге арналған көзiлдiрiк киюге болады.

Компьютер сатып аларда сапасын мұқият тексерген жөн, ол үшiн электромагниттiк қауiпсiздiгiн растайтын сертификатты сатушыдан талап етіңіз. Бүгінгі таңда заманауй мониторлар сәулелер бөлу бағытында қауіпсіз деп саналады.

Тек осылай гигиеналық талаптарды орындай отырып және баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып балаңызды компьютердің зиянды әсерінен қорғай аласыз.

       ШҚО ТҚҚ департаментінің бас маманы                                                        Б.Дырымбаева

Артқа