Полная версия сайта Каз

Портал управления здравоохранения Восточно-Казахстанской области

8(7232) 701-131

г.Усть-Каменогорск, пр.Ауэзова 26

Денсаулықтың шынайы мерекесі!09.09.2015ж.

2015 жылдың 5 қыркүйегінде Шығыс қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен «Металлург» демалыс саябағында жыл сайынғы өткізілетін он алтыншы «Денсаулық Фестивалі» атты кең көлемді акциясы өткізілді. Аталған шараның мақсаты: азаматтардың өз денсаулығына және саламатты өмір салтын ұстануға деген жауапкершіліктерін қалыптастыру болып табылады. ШҚОСӨСҚО ішіндегі «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы мамандары "Экспрессия" би тобымен бірге би билеумен шараны ашты. Ары қарай ойындар өткізілді: «Күн тәрізді волейбол», «Шығырмен бірге жылдамырақ», «Дөп тигізу», «Барлық кегаларды қағып түсір» және «Ертегі кейіпкерлерін жина». Ойындарға Өскемен қаласының №2, 22, 20 мектептері қатысты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шараның аяқталу барысында барлық қатысушылар арнайы парақтарға өзө тілектерін жазып оларды «Дәрумендер ағашы» тоғайына ілді.

Маралбекова С. "Нұрсалауат" ЖДО маманы
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Артқа