Өскемен қаласы әкімдігінің және «Қазақстан болашағы үшін» атты МЕҰ қолдауымен ШҚОСӨСҚО ұйымдастыруымен 2015 жылдың 5 қыркүйегінде «Металлург» демалыс саябағында «Саламатты өмір салтын қолдаймыз!» ұранымен «Денсаулық Фестивалі» кең көлемдегі акциясы өткізілді.
Саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, жыл сайынғы медициналық тексеруден өту – ол кез-кедген аурудың алдын алу, болдырмау.Мемлекеттің, жұмыс беруші мен жұмысшының өз денсаулығына салиқалы жауап беруі – медициналық қызмет көрсету жүйесінің басты приципі.
Фестиваль қатысушыларын қала әкімінің орынбасары Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы мен ШҚОСӨСҚО директоры Ермолаева Татьяна Юрьевна құттықтау сөз сөйлеп, қарсы алды. «Денсаулық Фестивалі» таңғы жаттығу жасаумен басталды. Оған барлық Фестивалге келгендер қатысты. Олардың ішінде медициналық қызметкерлер, мүмкіндігі шектеулі балалар, ардагерлер, мүгедек олимпийцтер де бар. «денсаулық қалашығында» барлық тілек білдірушілер бойларын, салмақтарын, қан қысымын өлшетті, флюрографиюдан өтті, АВИТ/ЖИТС жылдам талдауға қан тапсырды. Терапевт дәрігерден және саламатты өмір салты қызметінің мамандарынан, наркологтан, психологтан тегін кеңес алды.
Тілек білдірушілерге қан доноры болуға мүмкіндік жасалды. Ардагерлердің қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. «Денсаулық Фестивалінің» өту барысында мынадай көңілді эстафеталар өткізілді: пазлдар, квидич, спорттық шаралар, флэш-моб, әртүрлі сайыстар, ұтысты лотереялар. Балалар барлық спорттық шараларға белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. Жарыстар мен конкурстардың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табыс етіліп, мақтау қағаздарымен мараппаталды. Фестивалде мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды. Акцияға оқушылар, студенттер, мүмкіндігі шектеулі балалар, мемлекеттік қызметкерлер, медициналық қызметкерлер, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер, МЕҰ қатысты. Фестиваль мерекелік концертпен аяқталды. Конкурстар мен сайыстар жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңістерге жете беріңіздер дейміз!
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы