Учаскелік дәрігерге тіркелу |
Қабылдауға тіркелу |
Өтініш беру |
Менің емханамды iздеу |
Ауруханалар және емханалар |
Алғыс білдіру |
Жаңалықтар |
Шаралар |
Көрсетілген ұсыныстардың сапасын бағалау |
Күн жылынып, көктем – жаз мезгілінде адамдар қала сыртына шығып, табиғат аясында демалуды, күн көзіне қыздырылып, таза ауада рахаттануды армандайды, өйткені денсаулыққа оң әсер тигізері сөзсіз. Дегенмен, табиғат аясынада кене шағуы да мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Кененің шаққаны емес, денеге қадалып қан сорған кезде көптеген кене жұқпаларының (кене энцефалиті, кене риккетсиозы, боррелиоз немесе Лайм ауруы) қоздырғыштарын тарататыны қауіпті. Соның ішінде ең қауіптісі кене энцефалиті болып табылады.
Кене энцефалиті – жіті, табиғи ошақтық, жұқпалы ауру, науқастың орталық жүйке жүйесi зақымдалады, сал ауруына шалдығып, мүгедектікке ұшырайды, асқынған жағдайларда адам өліп те кетіуі мүмкін.
Аурушаңдық көктем-жаз мезгілдерінде тіркеледі, яғни кенелердің белсенді кезеңіне байланысты. Кене шағу қауіпі бойынша кезең сәуір айынан қыркүйек айына дейін созылады. Кенелердің белсенділігі ауа-райына (ауа температурасына, ылғалдылыққа) тәуелді. Кенелер ауа температурасы +3-5ºС болғанда оянып, +15ºС –тан асқанда белсенділіктері арта түседі. Адамдардың кене шағып, медициналық көмекке ең көп жүгіну кезеңі мамыр-маусым айларына тұспа тұс келенді, өйткені күннің жылынуы, кенелер үшін де адамдар үшін де қолайлы кезең болып есептеледі, яғни адамдар табиғат аясына дем алуға, саяжайларда, саябақтарда, демалыс базаларына көп барады.
Кене энцефалитінің вирусын жұқтыру қауіпі адамдардың жас мөлшері мен жынысына қарамастан, бәріне бірдей төнеді. Әсіресе орманды жерлерде жұмыс істейтін қызмет иелеріне: леспромхоз және лесхоз жұмысшыларына, демалыс үйлерінің қызметкерлеріне, автокөлік және темір жол құрылысшыларына, аңшыларға және т.б., сондай-ақ, кене энцефалиті бойынша қолайсыз аумақтарға барған адамдарға да қауіп төнеді.
Кене шаққанда вирус қан арқылы ағзаға таралып, адамның миы мен жұлынын зақымдайды. Ауру кене шаққаннан соң, бірден басталмайды, аурудың айқын белгілері білінгенге дейін, әдетте біраз уақыт өтеді, осы кезде ағзада вирус дамып, көбейеді, бұл аурудың жасырын кезеңі деп аталады, ол 7-14 күнге дейін созылады. Аурудың жасырын кезеңі адам ағзасының иммундық жағдайының ерекшелігіне және ағзаға түскен вирустың мөлшеріне байланысты болады. Ауырған адамның кенеттен басы қатты ауырып, дене қызуы 38-39 градусқа дейiн көтерiледi, жалпы әлсізік, уыттану белгілері байқалады (жүрек айну, құсу). Науқастың мойын, арқа, қол еттерi әлсізденіп, ауырады, шу мен жарыққа сезгiштiгi жоғарлайды.
Дене қызуы 38-39ºС дейін көтеріліп, уыттану белгілері айқын байқалады(жүрек айну, құсу), аурудың 2-3 күндері кейбір науқастарда мойынның, қолдың, кейде аяқтың бұлшық еттерiнде әлсіздік байқалады. Беттің мойынның, қолдың бұлшық еттерінде әртүрлі құрысулар болуы мүмкін, ары қарай аяқ-қолдың салдануы пайда болады.
Егер кене шаққаннан кейін аурудың аталған белгілері анықталысымен дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер науқастың диагнозы ерте анықталып, дер кезінде тиімді ем тағайындалатын болса, дертінен толығымен айығуға мүмкіндігі бар.
Шығыс Қазақстан облысы кене энцефалиті бойынша «ең қауіпті» аумаққа жатады, өйткені кене энцефалиті аурушаңдығының көрсеткіші республикалық орташа көрсеткіштен 2 есеге артады.
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитінің табиғи ошағы 19 қала мен ауданның 8 аумағын қамтиды: олар Глубокое, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер және Өскемен қалаларының маңайы.
ШҚО Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ауруды емдегенше, оның алдын алу әлде қайда арзан және тиімді, сондықтан табиғат аясында серуендегенде, саяжайларда жұмыс істегенде, жазғы демалуды жоспарлағанда жеке басты кенеден қорғау шараларын сақтау - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын естеріңізге салады.
Дегенмен кене адамның денесіне жабысқан болса, жабысқан кенені өте мұқият алу керек, өйткені тұмсығы үзіліп, адамның денесінде қалуы мүмкін.
Сондықтан, кенені алғанда келесі ұсыныстарды орындау қажет:
Денеден алынған кенені «ШҚО СЭСО» РМКК аса-қауіпті жұқпалар зертханасына тапсырып, кенелер тарататын аурулар қоздырғышын анықтауыңызға болады. Кенені күнделікті сағат 9.00 –ден 17.00-ге дейін мына мекен-жайға: Тәуелсіздік даңғылы-17/1, 5 қабат (қабылдау бөлмесі) тапсыруға болады, ал демалыс және мереке күндері мына тел. (8.705.752.79.67) хабарласуға болады.
Көктем-жаз мезгілінде демалыстарыңыз дұрыс өтсін десеңіз, кенеден қорғанудың қарапайым ережелерін сақтаңыз!