Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты баспасөз мәжілісі07.06.2016ж.

8 маусымда сағат 10.00-де  Киров к,66 мекенжайындағы Ұлттық баспасөз клубында  «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты баспасөз мәжілісі өтеді.

Салауатты өмір салты – дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, темекі тартудан, алкогольді шамадан тыс қолданудан бас тарту, жеке бас гигиенасын сақтау, күйзелістен аулақ болу және қарсы тұра білу, алдын алу тексерулерінен уақтылы өтуден тұратын, денсаулықты сақтайтын және нығайтатын өмір салты.

Балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында инфекциялық емес аурулар дамуының мінез-құлық факторлары қаупінің таралуын зерттеу мақсатында, СӨС қызметі кезеңмен, үш жылда бір: 1998, 2001,2004, 2007,2012, 2015 жылдары  Ұлттық әлеуметтік зерттеу жүргізіп отырады.

Алынған мәліметтер еліміздегі тұрғындардың әр түрлі топтарының өмір салты сипатын анықтайды (нәтижесі баспасөз мәжілісінде көрсетіледі).

Адамның өмір салтын оның денсаулығы көрсететінін ғылымдар дәлелдеген.

Денсаулық үшін мемлекет, жұмыс беруші, адамның өзі ынтымақтасқан жауапкершілікте болу керек. Өз денсаулығына жауапты болудың үлгісін облысымыздың спортшылары көрсетуде.

Баспасөз мәжілісі Денсаулық фестивалі аясында салауатты өмір салтын, дене белсенділігі мен спортты насихаттау мақсатында өткізіледі.

Баспасөз мәжілісіне ШҚОСӨСҚО, «Нұр Отан» қалалық филиалы, Өскемен қ. деге шынықтыру және спорт бөлімі, облыстың атақты спортшылары, БАҚ  қатысады.

Баспасөз мәжілісі ШҚОСӨСҚО бастамасымен өтеді.

 

Байланыс тел: 25-28-39

 

 

 

 

 

Артқа
Яндекс.Метрика