Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Балалар мен жасөспірімдер жарақатының алдын алу08.09.2015ж.

08.09.2015 жылы Шығыс Қазақстан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен Өскемен қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің мәжіліс залында оқушылар арасында «Балалар мен жасөспірімдер жарақатының алдын алу» тақырыбына  семинар өткізілді.
Семинар барысында мынадай сұрақтар қарастырылды: жарақат, жарақат алу дегеніміз не, жарақаттың түрлері, себептері, алдын алу шаралары.
Аталған іс-шарада семинар қатысушыларына жарақаттың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Қорытынды бөлімде келушілер сауалнама толтырды және оларға жарақаттық алдын алу бойынша «Абайлаңыз жарақат!», «Бағдаршам ағайдың кеңестері» және «Қауіпсіздік әліппесі» атты ақпараттық-тарату материалдары берілді.
Семинарға 182 адам қатыстырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Артқа
Яндекс.Метрика