Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Балаларға екпе егу немесе одан бас тарту» туралытақырыпқа дөңгелек үстел өткізу туралы05.03.2019ж.

«Балаларға екпе егу немесе одан бас тарту» туралытақырыпқа дөңгелек үстел өткізу туралы

 

Жұқпалы ауруларға қарсы екпе егуден ата-аналардың бас тартуының алдын алу мақсатында ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті 2019 жылдың 1 наурызында «Балаларға екпе егу немесе одан бас тарту» туралы тақырыпқа дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырып,өткізді.

Отырысқа ШҚО денсаулық сақтау Басқармасының, ШҚО діни істер жөніндегі Басқармасының өкілдері, Өскемен қаласының мелициналық  ұйымдарының учаскелік дәрігерлері жіне басқа салалардағы мамандары, психолог, «Халифа Алтай» мешітінің  наиб  имамы, Өскемен қаласындағы шіркеулердің өкілдері, болашақ аналардың «Бақыт» клубының мүшесі, сондай-ақ балаларына екпе егуден бас тартқан  ата-аналар қатысты. Отырысты ШҚО қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің басшысы Ғ.Қ. Сүлейменов ашты.

Облыстағы және әлемдегі вакцина арқылы алдын-алуғаболатын жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы басшының орынбасары Г.Ж. Тағаева, екпе егуге жататын топтарды егумен қамту және облыста екпе егуден бас тарту бойынша қалыптасқан жағдай туралы бөлім басшысы Б.С. Мукиева, туберкулезге қарсы екпе егудің маңызы туралы бөлім басшысы Х.Ж. Илюбаев, екпе егуге көрсетілімдер және қарсы көрсетілімдер туралы алғашқы медициналық әлеуметтік көмек дәрігерлері А.Х. Ягудина, О.В. Криницкая, А. Жанболат, діни көзқарас бойынша екпе егуден бас тартқан адамдармен жүргізілген жұмыс туралы діни жағдайларға мониторинг және талдау жүргізу бөлімінің басшысы С.Ж. Әубәкіров айтып өтті, діннің екпе егуге көзқарасы туралы әр түрлі діни конфессиялардың өкілдері өз пікірлермен бөлісті.

Отырыс барысындағы әңгімеге балаларына екпе егуден мүлдем бас тартқан ата-аналар да белсенді қатысты, екпе егу бойынша мәселелерге, вакциналардың құрамы және екпе егуден кейін туындайтын әртүрлі асқынуларға байланысты сұрақтар қойылып, олардың барлығына мамандар толық жауап берді.

Жалпы дөңгелек үстел отырысы конструктивтік түрде өтті, отырыстың барлық қатысушылары белсенділік көрсетіп, жеке көзқарастарымен бөлісті.

Барлық қатысушылардың жалпы пікірі бойынша балаларына екпе егуден бас тартқан ата-аналармен ары қарай атқарылатын жұмыс барлық мүдделі тұлғалармен бірлесе отырып, әрбір адаммен жеке-жеке жүргізілуі тиіс.

 

ШҚО ҚДС Департаментінің басшысы Ғ.Қ. Сүлейменов

 

Артқа
Яндекс.Метрика