Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Басқалар туралы ойлан. Қан тапсыр. Өмірмен бөліс18.06.2018ж.

Жыл сайын 14 маусымда Әлемнің барлық елдерінде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі – бұл ең жас халықаралық мереке 2004 жылдан бастап атап өтілуде. Мереке ұлы австралиялық иммунолог, адамның қан тобын ашқан – Карл Ландштейнер өмірге келген күнге орай сол күн күнтізбеде дүниежүзілік  қан доноры күні болып белгіленді.

Дүниежүзілік қан доноры күні адам өмірін құтқару үшін қажетті қан және оның компоненттерін ерікті және өтеусіз тапсырған адамдарға алғысымызды білдіру үшін, қан және оның компоненттеріне мұқтаж науқастарға көмек беру туралы хабарламаны адамдарға жеткізу үшін құрылған. Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік қан доноры күніне орай құрметке ие болатын ұран береді. 2018 жылы «Басқалар туралы ойлан. Қан тапсыр. Өмірмен бөліс» атты ұран қабылданды. Бұл ұран ерікті өтеусіз қан мен оның компоненттері донорлығы жүйелерінің негізіне жататын альтруизм, құрмет, жанашырлық пен қайырымдылық сияқты адамдық құндылықтардың негізін білдіреді.

2018 жылғы 14 маусымда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» КМҚК – да салтанатты іс-шара өтті, оның мақсаты:

• қан және оның компоненттерінің донорларын  құттықтау және алғыс айту және қан және оның компоненттерін тапсырмаған адамдарды донор болуға шақыру;

• тиісті қорларды қолдау үшін қан өнімдерінің жыл бойғы донорлығының нәтижесіне бағытталғанын қамтамасыз ету қажеттілігі және барлық қоғам үшін тиесілі артықшылықты  қамтамасыз ететін альтуристік актісі болып табылатын донорлықты ұлттың өзін – өзі қамтамасыз ету деңгейіне қол жеткізу туралы хабарламаны арттыру.

• қоғамдастық ынтымақтастықты және әлеуметтік ұйымшылдықты нығайту үшін донорлық құндылықтарды көтеру, басқаларға немқұрайлы қарамауға амдарды шақыру және бей-жай қарамайтын қоғамның құрылуына  жағдай жасау.

Іс-шара барысында орталық қызметкерлері тұрақты қан донорларын ары қарай да қан тапсыруларын жалғастыру үшін ынталандырып,  кімнің қаны жүздеген адамның өмірін сақтап қалғандығы туралы айтты, ал денсаулығы жақсы ешқашан қан тапсырмаған  адамдарды біздің қан орталығының доноры болуға шақырды.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес, кемінде 40 рет қан (донация) және (немесе) кемінде 70 рет қан плазмасын өтеусіз тапсыруды жүзеге асырған донорлар «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен  марапатталады. 

2018 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның бекітуі бойынша «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен донор Китаева Юлия Петровна марапатталады.

Китаева Юлия Петровна 19 жыл бойы өтеусіз донор болып табылады. 1999 жылдан бастап және осы уақытқа дейін, ол 61 ерікті өтеусіз донацияға ие, сондай – ақ оның тапсырған қаны 38 литр қанды құрайды. Тұрақты  өтеусіз донор бола отырып, кез келген сағатта қанға зәру емделушіге көмек көрсету туралы шақыртуға келуге қашанда дайын екендігін көрсете білді! Шұғыл  жағдайда қан және оның компоненттерін дайындауда ол бірде-бір рет Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының  қызметкерлеріне бас тартқан жоқ. Оның қайырымдылығының, жанқиярлығының арқасында 180-нен астам адамның өмірі құтқарылып, денсаулықтары қалпына келтірілді олардың арасында балалар мен жас босанған әйелдерде бар. Оған мейірімділік, адал ниеттілік, ықыластылық, жомарттық, қайырымдылық сияқты ең жарқын қасиеттер  тән.

Дүниежүзілік қан доноры Күнінің құрметіне орай  өтеусіз донорлықтың дамуына белсенді қатысқандары үшін, адамдарға көмекке келуге және мейірімділік, ізгілік пен қайырымдылық идеясын насихаттауға дайын келесі донорларға  Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы алғыс хаттар табыс етті: Грузных Владимир Павловичке (55 ерікті өтеусіз донацияға ие, барлық тапсырған қанның көлемі шамамен 34 литр), Воропанов Валерий Владимировичке (43 ерікті өтеусіз донацияға ие , барлық тапсырған қанның көлемі шамамен 28 литр), Голев Аркадий Анатольевичке (43 ерікті өтеусіз донацияға ие, барлық тапсырған қанның көлемі шамамен 28 литр қанды құрайды), Понарин Андрей Александровичке (41 ерікті өтеусіз донацияға ие, барлық тапсырған қанның көлемі шамамен 25 литр).

Адамдардың  өмірін құтқаруда  Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығына тек донорлар ғана көмектеспейді, алайда әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ демеушілер: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті, Өскемен қаласының «Мухамади» орталық мешіті, «Плисер» ЖШС, «Arena S» ЖШС, Сулпак дүкендер желісі, «Восток-Молоко» ЖШС, «Кар – Тел» ЖШС, «Нұр Искер» ЖШС,  облыстық «Рудный Алтай» және Алтай Ньюз газеттері. Қан  орталығына белсенді қолдау көрсеткендері үшін барлық ұйымдарға алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ бұл күні барлық тілек білдірушілер қан және оның компоненттерін тапсырып, донация үшін демеушілердің сыйлықтарына ие болды. Дүниежүзілік қан доноры күнін мерекелеу  концертпен аяқталды.

 

Авторы: Кривец К.С., 8-705-502-48-47

Артқа
Яндекс.Метрика