Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Ерте жаста өз-өзіне қол жұмсау10.10.2017ж.

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу – бұл тұнып тұрған бір ғылым десе болады: ауруды шығару, бағыт-бағдарды ауыстыру, құндылықтарды ауыстыру, өнегелілік пен руханилықты тудыру.

Өз-өзіне қол жұмсаудың белгілерін ертерек анықтау үшін маңызды керек нәрсе:

Өз-өзіне қол жұмсау, қысқаша айтқанда өз-өзін өлтіру бүгінгі таңда  бізді депрессия мен стресс жайлап алған уақытта  сөзінің өзектілігімен санамызға қорқыныш ұялатады. Бұл көп жағдайларда оның алдын алу қиынға түсетін нәубеттің бір түрі. Адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептер тіптен сол адамның жақындары мен туғандарына да жұмбақ болып қалады. Бұл жерде ең қорқыныштысы мұндай қатерлі жолға болашағы алда жастардың қадам басуы. Қазақстан Республикасында жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау соңғы екі онжылдықта көбейіп кеткен. Осы қайғылы тенденция қайдан бастау алып отыр? Ол жұмбақ. Балалар өлімнің қайтымсыздығын сезіне бермейді, олардың өмірлік тәжірибелері және өмір мен өлім арасындағы шекара шегінен еш хабарлары жоқ. Ересектер тарапынан балалар суицидінің механизімі мен себептерін түсінбеушілік байқалып жатады.

Өз-өзіне қол жұмсау қылық таныту – бұл суицидалдық белсенділіктің-ойдың, айтып салудың, қатердің, қастық қылудың  пайда болуы. Баланы өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін себептер өте көп. Және олардың барлығыда біздің балаларымыз сияқты жекеше түрлі.

Өзі-өзіне қол жұмсау қылығының мынадай түрлері бар:

Наразылық өз-өзіне қол жұмсау қылығы- бұл құтқаруды есепке ала отыра өмірмен қоштасу ниеті жоқ өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің көрсетілімі. Барлық әрекет өзіне назар аудартуға, өз басына қызығушылық танытуға, аяушылық танытуға бағытталған. Бұл дегеніміз өзіндік бір бопсалау әрекеті болуыда мүмкін. Арты өлімге алып келу бұл жағдайда қауіпті кездейсоқтық салдары болып табылады.

Қызбалық өз-өзіне қол жұмсау қылығы – жарқын эмоция ықпалымен жасалатын суицидалдық әрекет. Мұндай жағдайларда жасөспірім өз ісіне есеп берместен импульсивті түрде әрекет етеді. Ең күшті негативті көңіл- ол күй реніш, ыза осылар өмірдегі шынайы әрекеттердің орнын жабады да жасөспірім сол әрекеттерге бой алдырып, өз-өзіне қол жұмсауға барады.

Шынайы өз-өзіне қол жұмсау қылығы – жоспарлы түрде әрекет етумен сипатталады. Жасөспірім өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне дайындалады. Оның артында қалтырған хатында оның осы әрекетіне кінәлі сезінбес үшін жақындарының қатысы жоқ екендігітуралы оларға деген  қамқорлығы , өз кінәсі, өзін-өзі жазалау жайлы себептер жазылады. Бұндай әрекеттер жоспарлы түрде жасалғандықтан осындай өз-өзіне қол жұмсау әрекеті өліммен аяқталады.

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауларының түпкі себебі- оларды ересектердің (ата-аналары мен мұғалімдері) және өз қатарластарының түсінбеушілігі болып табылады. Өмірмен қоштасуға негіз болатын кейбір жайттар олар: ата-ана арасындағы кикілжіңдер және олардың айырылысуы, жақындарының өлімі, ата-ананың баланы кемсітіп қорлауы, қатал жазадан қорқуы, мектеп ұжымында дұрыс қарым қатынастың орнамауы, алғашқы сәтсіз махаббат және басқада күйзелісті жағдайлар. Міне осындай сәттерде олар ата-ананың қолдауы мен түсінігіне, мейірімді көзқарасы мен қамқор сөзіне  зәру болады.

Өз-өзіне қол жұмсау қылығы көбінесе жиі жанжал туатын отбасыларында наразылық бопсалау мақсатында жасалуы мүмкін. Көп жағдайда ондай жасөспірімнің бойынан көп мөлшердегі агрессия, қозушылық пен өз қатарластары ортасында жоғары талап қою белгілері байқауға болады. Аталған жағдайдағы өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жасөспірімнің өзінің жәбірлеушісінен кек алу және өзінің ісі дұрыс екенін дәлелдеу мақсатында жасалады. Өз өзіне қол жұмсау мезеттік қызбалық кезінде жасалып, арты өлімге алып келеді. Егерде өз өзіне қол жұмсау сәтсіз әрекетінен соң даулы жағдай шешімін таппаса, онда бұл әрекет қайталауы мүмкін.

Жасөспірімдік өз өзіне қол жұмсау әсіресе олардың көшбасшылық ұстанымдарын жоғалту мен сыныптастары арасында беделіннен айырылуы кезеңінде жүйесіз тәрбие беретін, үйлесімсіз отбасыларында айла-шарғы жасау мақсатында байқалады. Көбінде бұл әрекеттер 5-6 сыныптардан соң жасалады. Егерде жағдай өз өзіне қол жұмсау әрекетінде өз шешімін тапса, онда жасөспірім  бұл жағдайды өз қолына алып, жиі айла-амал жасап, өзінің жасағаны дұрыс деп түсінеді.

Тәжірибеде жүзінде жасөспірімдердің өз өзіне қол жұмсау әрекетері сырттан қарағанда жағдайы жақсы отбасыларында жиі болып тұрады. Ол отбасында даулы жағдайларды шешудәі орнына оны байқамауға тырысады. Ал жағдайы төмен отбасылар баланы өзі өмір сүріп жатқан жағдайға тез  бейімдеуге көмектесетін қорғану механизімін дамытады. Кіші жастағы балалар үшін өз өзіне қол жұмсау жоспарында  отбасы арасындағы ата-ананың айырылысып кетуі сияқты кикілжіңдер өте қауіпті.

 

Жасөспірімдік өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері кезіндегі көмек

Өз-өзіне қол жұмсаудың алғашқы белгілерінде ата-ана жасөспірімнің мәселелерін, мазасыздануын  толық жауапкершілікпен түсініп, баламен әңгімелесуі қажет. Жасөспірім жоспар құрып, оны іске асыру ойы болса, ондай ойларын бағаламауға әстен болмайды.

Көп жағдайларда ата-аналар балаларының мәселелеріне аса зейін қоя бермейді.  Сондықтан ол жағдай жасөспірмдерді ойланбай әрекет жасауға итермелейді. Ересектер жағынан әрдайым қолдау көрсетілуі тиіс, әсіресе көңіл-күй дағдарысы кезінде. Ата-аналарға өз баласына мұқият назар аударуы керек, өйткені жасөспірім өз мәселесін, сезімін ашық айта алмауы мүмкін. Сол үшін кей сәттерде оны ашық әңгімеге тарту қажет. Өзіне қымбат жандармен байланысты барлық жағдайлардың зор маңыздылығы мен мағыналылығы бар екендігі жайлы ата-аналар ұмытпаулары қажет. Толық сеніммен жайлылық орнаған жерде ғана толық бақытты жанұя үшін керекті өмірлік атмосфера құруға болады.

Қорытындылай келе бір жағдайды айтуға болады. Өз балаларыңызды сүйіңіздер және оларға мұқият болыңыздар! Сіздердің қарым-қатынастарыңыз бала демалып, өзін жақсы сезінуі, «кең әлемге» қайтадан шығуға құлқысы пайда болатындай болуы қажет.

Егер сіз өз балаңыздың сіздің кеңестеріңізді тыңдап,өмірлерін бақытты етіп құруына, сізді құрметтеп, қастерлеуін қалайтын болсаңыз, онда өзіңіз бақытты болуыңыз керексіз! Балаңызға үлгі бола біліңіз!

Өз-өзіне қол жұмсаудың әлеуметтік-психологиялық белгілерін анықтау үшін сұрақтарға аса мән бермей олардың өмір мен өлім мәселесі туралы ойларын білу керек

Жасөспірімдердің көзқарасында антисуициалды белгілердің жоқтығын келесі жазылғандардан көруге болады:

 

 

                                 Психолог Омарова Зарина Нурлановна

 

Артқа
Яндекс.Метрика