Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Жіті респираторлық вирустық инфекция»29.01.2017ж.

Суық тигеннен туындаған аурулар, ең алдымен жіті респираторлық вирустық инфекциялар – ең кең тараған аурулардың бірі. Бұл диагнозды көбінесе балаларға қояды, өйткені, жас баланың ағзасында иммунитет толығымен қалыптаса қойған жоқ. Ал ЖРВИ-мен көп ауырған ересек адамдардың иммундық жүйесі патогендерді «есіне сақтап қалды», сондықтан ересек адамдар ағзасы аталған аурумен қалай күресу керек екендігін біледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар ЖРВИ-ді балабақшада, сауда және көңіл көтеру орталықтарында, кейде үйдегі науқас ата-аналарынан жиі жұқтырады. Өйткені, олардың иммундық жүйесі әлі тұрақты қалыптасып үлгерген жоқ, сондықтан оларға вирустар жылдам жұғады:

Бұған дейін болған эпидемиялық мерзімдерді талдасақ, Қазақстанда грипп және ЖРВИ-мен ауру қаңтардың соңы  мен ақпанның басы кезінде артады және, жеке жағдайларды есепке алмағанда, мамыр  айында азаяды.

2015 және 2016 жылдармен салыстырғанда ауыршаңдықтың 13%-ға төмендегені байқалады. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті баспасөз қызметінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы  мәліметі бойынша жалпы ауыршаңдықтың  ортақ санынан алғанда ауырып қалған адамдардың негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балаларға тән болып келеді.

Құрметті ата-аналар, аурудың мерзімдік өршуі кезінде балаңызды вирустық инфекциялық аурулардан аман сақтап қалу үшін алдын алу шараларын орындау қажет.

 

Аурудың алдын алудың келесі түрлері бар:

 

Байланыстарды үзу:

Балалардың ЖРВИ ауруларын жұқтырудың бірден-бір көзі  - ол басқа науқас адам. Экспозициялық алдын алудың мәні жұқпалы аурулардың өршуі кезінде баланы мүмкіндігінше бөтен адамдардан алшақтау болып табылады.  Бұл жағдайда сәбидің ауырып қалмауына жол бермеу үшін төмендегі шараларды қолдану қажет:

ЖРВИ эпидемиясы кезінде қоғамдық орындарға баруды, қоғамдық көліктерге мінуді, дүкендер, цирк, кино және т.б. сияқты жерлерге қатынауды қысқарту. Инфекцияны физикалық жолмен жұқтыруға жол бермеу үшін инфекция  көздеріне төтеп беру. Отбасы мүшелері ауырған кезде науқастың бетіне дәкелі таңғыш тағу, сондай-ақ таңғышты әрбір 4 сағат сайын ауыстыру.

Баланың бөлмесін жиі желдетіп, күн сайын ылғал шүберекпен шаң сүртіп, гигиена ережелерін сақтау.

Балалар ауыратын грипп пен ЖРВИ-дің алдын алу үшін табиғи дәрілік құралдарды қолдану керек, мысалы, мұрынды жууға арналған тұз ерітінділері мен эфир майларын пайдалану қажет. Баланың ағзасына инфекция түскен кезде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді қолдану керек.

Бала ағзасының вирусқа қарсы тұру қабілетін арттыру әдістері

Бұл әдістер шартты түрде екі үлкен топқа бөлінеді: арнайы және арнайы емес алдын алу.

Арнайы емес алдын алу әдістеріне мыналар жатады:

Баланың жасына сай келетін толыққанды және дәрумендермен, микроэлементтермен байытылған теңдестірілген азықпен тамақтандыру;

Күн кестесін орындау – демалу және ояу болу уақытын кезекпен дұрыс қолдану;

Шынықтыру – инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттыру үшін табиғи факторларды (су, ауа, күн) қолдану;

Денешынықтырумен айналысу;

Дәрумендік терапия – ағзаны жасанды жолмен пайдалы элементтермен байыту.

Арнайы алдын алу әдісінің мәні - ағзаға енетін инфекцияларға қарсы тұру қабілетін жасанды жолмен арттыру. Бұған келесі әдістер арқылы қол жеткізуге болады:

Жергілікті иммунитетті белсендендіру. Яғни, бала бөлмесінде оңтайлы температураны сақтау қажет, мұндай температурада баланың шырышты қабаттары құрғамайды және тыныс алу жолдарының қорғану қабілеті сақталады.

Ерекше иммунитетті вакцина егу арқылы да қалыптастыруға болады. ЖРВИ-ға қарсы жалпы вакцина жоқ, өйткені, вирус қоздырғыштардың жүздеген  түрі бар. Ал гриппқа қарсы вакцина бар және оны жыл сайын егу қажет. Балаларға 6 айынан бастап вакцина егуге болады. Бұған дейін вакцина егілмеген және гриппен ауырмаған балаларға ересек адамдар вакцинасы мөлшерінің жартысын бір ай үзіліспен екі рет егуге кеңес беріледі және вакцинаны эпидемияға дейін 3-4 апта бұрын (яғни, шамамен қыркүйек-қазан айында) егу қажет. Гриппқа қарсы вакцина құрамындағы тауық жұмыртқасы ақуызын немесе кейбір дәрілік құралдарда болатын арнайы консерванттарды ағза қабылдамаса,  вакцинаны егуге тыйым салынады. Жіті және созылмалы аурулар кезінде вакцина егуге болмайды. Сауығып кеткеннен кейін немесе созылмалы аурудың бәсендеуінен кейін 3-4 апта өткен соң вакцина егуге болады. Гриппқа қарсы вакцина егу қайбір адамның ағзасына жақпай қалса, егуден кейін оның денсаулығы нашарласа, ол адамға болашақта вакцина егуге болмайды.  Иммуномодуляторларды – иммунитетке оңды әсер ететін дәрілік құралдарды көрсеткіштер бойынша тек маман дәрігерлер тағайындағанда ғана қолдану қажет.

            Балалар ауыратын грипп пен ЖРВИ-дің алдын алу – оңай мәселе емес, өйткені, баланы бұл аурулардан аман сақтап қалатын бірде-бір сиқырлы дәрі немесе вакцина жоқ. Алайда, бұл мәселенің шешімі бар. Яғни, ата-аналар бұл аурулардың алдын алу әдістерін  білуі тиіс, ол үшін шыдамдылық және уақыт қажет. Уақытында және дұрыс қабылданған шаралар баланы вирустық инфекциялардан аман сақтап қалады. Алдын алу шараларын эпидемия жоқ кезде, жазғы мерзімде қолдану қажет.

            Егер балаңыз ауырып қалса, оны өз күшіңізбен емдемей, маман дәрігерлерге жүгіну қажет.

 

Инфекционист дәрігер                         Щербатенко Евгения Викторовна. 

Артқа
Яндекс.Метрика