«Қалқанша безінің онкологиялық ауруларын ерте анықтау» бойынша Ашық Есік Күні өткізіледі.21.05.2018ж.
	    
	    Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!
Сағат 9.00 – 14.00 дейін.
 
2018 жылдың 26 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде «Қалқанша безінің онкологиялық ауруларын ерте анықтау» бойынша Ашық Есік Күні өткізіледі.
Бұл күні емхана дәрігерінің жолдауынсыз онколог – дәрігерлерінен білікті кеңес ала аласыз. Қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика жүргізілетін болады (УДЗ бақылауымен, цитологиялық зерттеумен қалқанша безінен жіңішке инемен биопсия алу)
 
мекенжайы бойынша: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1, емхана.
 
Тел.: 8 (7232) 70-59-76
          8 (7232) 74-26-98
          8 (7232) 70-59-22
         8 (7232)  74-28-35
 
Өзіңізбен бірге жеке куәлік, қалқанша безінің УДЗ, қанның биохимиялық анализдері (ТТГ Т4 АнтиТПО гормондары), алдыңғы тексерулердің нәтижелері (эндокринологтан тексеру) болуы керек. 
 
 
Құрметпен,           Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің әкімшілігі