Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Жүрек сырқаттарын анықтаудың заманауи әдістері09.09.2015ж.

Көптегени адамдар дәрігерге ауырған кезде ғана баратындықтан қазіргі кезде жүрек және қан тамырлары сырқаты бүкіл әлем бойынша адамдарға өзге сырқаттарға қарағанда көбірек ажал құштыруда. Жүрек пен қан тамырлары сырқаттарын, сондай-ақ баланың дүниеге келген сәттен бастап жүрек сырқаттарына бейімділігін іштен тез және дәл анықтау үшін заманауи медицинаның мүмкіндігі үлкен.
Дәстүрлі ЭКГ бүгінгі күні де қолданылудан алынып тасталған жоқ, бірақ ол неғұрлым сезімтал әрі заманауи жабдықтармен жарақталған. Холтеров мониторингі сырқат адамның ЭКГ-сын оның қарапайым өмір сүру режімін бұзбай-ақ арнайы тасымал жабдықтың көмегімен тәулік бойы және одан да ұзақ уақыт тіркей алады. Жаңа технология негізінде ЭКГ-ны жүктеме бере отырып жүргізуге де болады, мәселен, тредмил-тест (жүгіру жолындағы сынақ) немесе велоэргометрия (веложаттықтырғыштағы сынақ) сияқты. Сондай-ақ диагностиканың жаңа тәсілі – эхокардиография (жүрек пен қан тамырларын УДЗ) пайда болды, оның көмегімен жүрек қарыншаларының көлемін, жүрек қабырғасының қалыңдығын, жүрек бұлшық етінің массасын, жүректің соғу көлемін анықтай алады. Оған қосымша доплерографияның көмегімен қақпақшалардың жай-күйін сараптауға және қанның жүрек камералары арасындағы қан қозғалысын, оның қақпақшалар арқылы кез келген «сыртқа ағуларын» (регургитация) анықтауға, жүректің қан айдау көлемі мен фракциясын есептеуге болады.
Алайда, диагностиканың бұрыннан қолданылып келген дәстүрлі әдістерді магнитті-тербелмелі томография, мультиспиральді компьютерлік томография, коронарография мен аортография, тексерудің изотопты әдістері сияқты жаңа тәсілдер алмастыруда. Компьютерлік томография сырқат адамның ағзасына араласпай-ақжүректің әр микронындағы құрылымының толық кейпін анықтауға мүмкіндік береді және ісіктерді, қантығындарды немесе холестирин түйіндерін анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа әдістеме – өте жылдам компьютерлік томография (тамырға радиоактивті агентпен белгіленген зат жіберу) позитронды-эмиссионды томография деп аталады және ол жұмыс істеп тұрған жүректің үшөлшемді бейнесін бақылауға және жүректің анатомиялық өзгерістері мен жиырылу функциясының бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді. Магнитті-тербелмелі томография тек жүрек бұлшық етінің құрылымы туралы ғана емес, сонымен қатар ондағы зат алмасу үдерістері туралы да хабардар ете алады. Радионуклидтік зерттеу (тамырға радиоактивті агентпен белгіленген зат жіберу) жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуін бағалау үшін және жүрек бұлшық етінің өліеттенуінен кейінгі болжамды анықтау үшін пайдаланылады. 
Жұмыс бағасы тым қымбат болғандықтан және жабдықтың күрделілігінен диагностиканың ондай әдістері әзірше негізінен ірі медициналық орталықтарда ғана қолданылуда, әзірше компьютерлік томографияны басқа, неғұрлым дәстүрлі зерттеу әдісі – коронарография алмастыруда. Коронарография бүгінгі күні жүректің тәж артериясының тарылған жерін, тарылу дәрежесін және тіпті сипатын анықтауға мүмкіндік береді және оны емдік рәсіммен, мәселен, стенттеумен үйлестіре атқаруға болады.
Сонымен бірге зертханалық диагностика да белгілі бола бастады, ол сырқатты анықтау үшін қан құрамын және адамның қандай да бір кардиологиялық сырқаттарға бейімділігін анықтау үшін генетикалық зерттеулер жүргізуге негізделген. Ондай кезде зертханалық диагностикада ең заманауи автоматты талдауыштар қолданылады, олар қателесу тәуекелін төмендетуге және орындалған зерттеулер сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қан құрамына биохимиялық талдау жүргізу жүрек қыспасы кезінде жүрек бұлшық етінің өлі тіндерін бөліп шығаратын нәруыздарды анықтай алады. Көбінесе қан құрамындағы нәруыздың тропонин деген түрін және соның мөлшеріне қарай жүрек ұстамасының неден болғанын және бұлшық еттің қандай көлемінің өліеттенгенін анықтауға болады.
Бүгінгі күні жасуша технологиялары мен тектік диагностика бала жолдасының қанын зерттеу арқылы сәби өмірінің алғашқы күнінен бастап-ақ оның жүрек-қан тамырлары жүйесі сырқатына тектік бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

«Амбулаториялық Орталық» мекемесі Ультрадыбыстық және функционалдық диагностика бөлімі ЭКЖ кабинетінің медбикесі Ю.И. Широкова
Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы

Артқа
Яндекс.Метрика