Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Артериальная гипертония14.05.2018ж.

Артериялық гипертензия өзекті медициналық әлеуметтік мәселе болып табылады. Бұл мәселенің өзектілігі артериялық гипертензия аясындағы асқынулардың жоғары қауіпіне негізделеді.

Орташа алғанда 25-35% балаларда және жасөспірімдерде кездеседі және олардың 10-17%-да артериялық гипертензия гипертониялық ауруға ұласып, асқына береді.

Эпидемиологиялық мәліметтер бойынша артериялық гипертензия Қазақстанда және шетелде кең тараған ауру болып табылады. Жоғары артериялық қысымның негізгі себептері тұзға бай емдәм, дене белсенділігінің, қозғалыстың төмен деңгейі, артық салмақ болып табылады.

Жоғары артериялық қысым 7,1 миллион өлімге өз үлесін қосып отыр, бұл әлемдегі өлім-жітімнің 13%-ын құрайды.

425 мың адамды қамтыған 37 күрделі зерттеулердің қорытындылары бойынша  систоликалық (жоғарғы) артериялық қысымды 10 ммрст-ға  төмендеткен кезде инсультқа ұшырау қауіпін 37%-ға, ЖИА-ның (жүректің ишемиялық ауруының) туындау қауіпін 25%-ға дейін төмендетеді екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының мәліметтері бойынша аурудың жоғары деңгейі Белоруссияда байқалды, ол жерде 100 000 халық санына шаққанда 6125,65, Литвада 4489,7 көрсеткішін құрайды, Қазақстан орташа орынды иеленіп, 100 000 халық санына шаққанда 1858,7 көрсеткішін көрсетеді, ең төмен көрсеткіш 585,11 Азербайжанда тіркелді.

Қазақстанда жыл сайын артериялық гипертензияға шалдыққан 30 000 науқас тіркеледі.  Балалар мен жасөспірімдерде артериялық гипертензияны ертеден анықтаудың маңыздылығы зор, өйткені балалық шақтағы артериялық гипертензия ересек жаста гипертензия мен метаболикалық синдромның даму қауіпін тудырады.

Жастар арасында зиянды әдеттердің кеңінен таралуы, шылым шегудің, гиподинамияның семіруге шалдығуы, емдәмді бұзудың ықпалы ересек жастағы адамдардың жүрек-тамыр ауруларының балалық шақтан бастау алатынын көрсетеді.

Дәрігерге көрінген кезде балалардың артериялық қысымын өлшеу артериялық гипертензияны ерте кезден анықтауға мүмкіндік береді.

Балаларда кездесетін артериялық қысымның нормалары – жаңа туған нәрестеде 60-80/40-50 ммрст, 1 айдан 12 айға дейін 80-85/45-40 ммрст, 1 жастан 5 жасқа дейін 105/50-60 ммрст, 6-10 жаста 95-115/55-65 ммрст, 11-14 жаста 105-120/65-70 ммрст. Бала өмірінің алғашқы 2 жасында жоғары артериялық қысым 112 ммрст-дан, 3-5 жаста 116 ммрст-дан, 6-9 жаста 122 ммрст-дан, 10-12 жаста 126 ммрст-дан, 13-15 жаста 135 ммрст-дан, 16-18 жаста 142 ммрст-дан асқанда туындайды.

Балаларда бастапқы және екінші артериялық гипертензия кездеседі. Бастапқы түрі жеке ауру болып туындайды, ал екінші түрі кейбір ішкі ағза мүшелерінің патологиясы салдарынан пайда болады. Дәрігер жоғары артериялық қысым көрсеткіштерін талдай отырып, артериялық гипертензияның себебін ішкі мүшелер патологиясынан іздейді, яғни, екінші артериялық гипертензия түрін анықтауға тырысады. Аурудың себебі табылған кезде уақытында емделу қажет, бұл баланың денсаулығы үшін өте маңызды.

Артериялық гипертензияның туындауына ықпал ететін аурулар – бұл бүйрек тамырларының аурулары (стеноз (тарылу), тамырлардың тромбозы, бүйрек құрылымының бұзылуы, эндокриндік патология (Кушинг синдромы, феохромацитома, бүйрек үсті бездерінің гиперплазиясы), жүректің туа біткен ақаулары – аортаның  коарктациясы, өкпе аурулары.

Аталған аурулардың барлығы екінші артериялық гипертензияның дамуына себеп болады. Егер баланы тексерген кезде жоғары қан қысымына себеп болатын ішкі ағза мүшелерінің патологиясы анықталмаса, онда артериялық гипертензияның түрі бастапқы болып есептеледі.

Артериялық гипертензия бойынша қауіпті топтар:

  1. дұрыс тамақтанбайтын, артық салмағы бар, тұзды көп пайдаланатын балалар.
  2. туыстары артериялық гипертензиямен ауыратын балалар.
  3. отбасында және мектепте психикасына жағымсыз ықпал беретін жағдайларға ұшырайтын балалар.
  4. белгілі ерекшеліктері бар балалар -  күдікті, күйзеліске қарсы тұра алмайтын, мазасыз, депрессияға бейім балалар.
  5. зат алмасуында ерекшеліктері бар балалар (холестерин фракциясы мен глюкозаға төмен толеранттылық арасындағы арақатынасқа байланысты бұзылулар).

Артериялық гипертензияның туындау қауіпін қалай төмендетуге болады?

 

  1. Тұзды көп мөлшерде қолданбау (дайын тағамдарға қосатын тұзды да ескеру қажет), тұз ағзадан судың шығуын тежейді, ал бұл жүрек пен бүйрекке күш түсіреді. 
  2. Артық салмақты қалыпқа келтіру – бұл ерте жастағы балалардың өзінде артериялық гипертензияның туындау қауіпінің себебі болады.
  3. Баланың денешынықтырумен айналысуына, көп қозғалуына көңіл бөлу. Баламен жиі серуендеу. Аулада бала достарыммен белсенді ойындар ойнай алады – футбол, волейбол, теннис, бадминтон. Егер ата-аналары таңертен жүгіретін болса, балаларды өзімен бірге алғаны дұрыс болады. Осылайша бала салауатты өмір салтына тартыла бастайды.
  4. Жасөспірім жастағы балаға зиянды әдеттерден арылуға көмектесу. Баланың көзінше ішімдік алған кезде, есте сақтағаныңыз жөн, бала ерте жастан барлығын түсінеді. Бірнеше жылдан кейін бала да ішімдікке әуес бола бастауы мүмкін. Зиянды әдеттерге әуес балалар артериялық гипертензияға 3 есе көп шалдығу қауіпіне ие болады. Ауру біртіндеп өрбиді, кейіннен тек зиянды әдеттен арылу жеткіліксіз болып қалады. Балаға мұны түсіндіріп, есіне салу абзал.

 

Дайындаған: Ана мен бала орталығының жоғары санаттағы кардиолог дәрігері Гульмира Кабдешевна Сағымбаева.

Артқа
Яндекс.Метрика