Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Ауру туралы жалпы мәлімет14.02.2018ж.

Желшешек – жұқпалы инфекциялық ауру, балалар жасында біраз жеңіл түрінде өтеді; емшектегі, ересек балалар, сондай-ақ иммунитеті әлсіреген адамдарда ауру анағұрлым күрделі түрде болуы мүмкін. Желшешек әдетте ауа-тамшы жолымен беріледі. Аурудың белгілері пайда болғанға дейін, ауырған адаммен байланысқаннан кейін 10-нан 21 күн өтуі мүмкін. Адам өзінің ауырғанын білмей, басқаларға жұқтыруы мүмкін. Инфекциялық кезең теріде сипатты бөрткендер пайда болғанға дейін екі күн бұрын басталады да, жаңа іріңдердің пайда болуы қойғанша, ал ескісі қабыршақтанғанша созылады.

Симптомдары

Желшешектің симптомдары дірілеп-қалшылдау, ыстықтың болуы, іш, бас ауруы және жалпы дімкәстік жағдайының пайда болуынан басталады. Осыған дейінгі екі күн бұрын денеде бөртпе пайда болуы мүмкін. Бөртпе (бетте, баста, иықта, кеудеде және арқада кішкентай, қышитын, кішкеннтай дақтар) пайда болған бірінші күндері ыстық қаттырақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, бөртпе ауызда, қабақта жыныс мүшелері аумағында пайда болуы да мүмкін. Бұл кезде бір науқаста бар жоғы бірнеше іріңдер, ал екіншісінің бүкіл денесін басып кетуі мүмкін. Басында бұл қызыл белгілер ашық түсті күлдіреуіктермен болады. Олар жылдам жоғалып кетеді және қабыршақтанып ұзақ жүреді де 2 апта ішінде құриды. Бастапқы 4-5 күнде жаңа іріңдер мен күлдіреуіктедің шығуы жалғасады, сондықтан тері бөртпесінің барлық кезеңінде бір мезетте жүруі мүмкін.

Желшешектің асқынулары

Әдетте, адам желшешекпен өмірінде бір рет ауырады. Солай болғанмен, иммундық жүйесінде өзін ешқандай көрсетпейтін, ал кейін есейген шағында қайта белесеніп, бөртпе туғызатын вирус түседі. Мұндай бөртпе құрсау теміреткі немесе герпес деп аталады.

Желшешек, әсіресе жасөспірімдердің терісінде өмір бойы шешек белгісін қалдырады. Уақытша белгілер 6 айдан бастап бір жасқа дейін қалуы мүмкін.

Желшешек екінші қайтара салмақты бактериялық инфекция, вирустық пневмониялардың (белгілі бір вирустардан болған және ыстық, жөтел және демікпе ілесе жүретін өкпе инфекциясы); энцефалиттің дамуына әкелуі мүмкін. Энцефалит мидың вирустық ауруы шешектің өте сирек асқынған ауруы болып табылады. Солай болғанмен, оның симптомдарын білу маңызды; ыстық, сананың шатасуы, ессіздік, шаршағандық және аяққа берілетін (шаншу) бірден қатты ауру.

Ұқсас симптомдар пайда болған кезде науқасты жылдам дәрігерге жеткізу керек.

Сіз не істей аласыз

Тез арада дәрігерге жүгіну қажет. Күрделі жалпы жағдай және айқын теріде пайда болулар кезінде, әсіресе жүйке жүйесі (аяққа берілетін аурулар, бастың қатты ауруы) тарапынан немесе науқастың тыныс алуы қиындау симптомдары байқалғанда емханаға жатқызу талап етілуі мүмкін. Салқын сұйықтарды көп ішу керек. Парацетомол ыстық түсіруге көмектеседі.

Ацетисалицил қышқылын (аспирин) қолдануға болмайды. Ауызда жара болғанда диета сақтау қажет. Тұзы бар азық-түліктерді, сондай-ақ цитрустық шырындар мен жемістерді пайдаланудан сақ болған жөн.

Сыртқы жыныс мүшелері аумағында ауыратын және қышыма бөртпелер кезінде ауруды басатын сыртқа қолдануға арналған препараттарды пайдалануға болады. Таңдау кезінде дәрігер немесе дәріхана қызметкерімен кеңескен жөн.

Іріңдердің пайда болу белгілері кезінде бөртпе орнына бактерияға қарсы жақпамайды пайдалануға болады.

Егер температура 4 күннен артық 38 градустан жоғары болып тұрса, қайтадан дәрігерге қаралу қажет.

Балаларға төсекте жату режимі міндетті емес, бірақ тыныштық жағдайында болуы тиіс.

Дене температурасы төмендеп, ал шешек қабыршақтанғанда, бала серуендеуіне болады. Мектепке, бала-бақшаға бару туралы мәселені дәрігер шешеді. Жазылып келе жатқан шешектің қабыршағын жұлып тастау қайтадан жұқтыруға және одан ары қышынуға әкеліп соғуы мүмкін. Жұқтыруды болдырмас үшін қолды жиі жуып, қол тырнақтарын қысқа етіп алу, түнге қарай ұйықтап жатқанда шешек қабыршағын жұлып тастамас үшін мақтадан тігілген қолғап кию ұсынылады.

Дәрігер не істеуі мүмкін

Дәрігер ересек науқасқа (балаларға, әдетте, тыныштық пен демалу қажет болады) вирусқа қарсы препараттар жазып береді. Емнің тиімділігі жоғары болу үшін бөртпе (кем дегенде 24-48 сағат ішінде) пайда бола салысымен ерте бастаған жөн. Қайта жұқтырған кезде дәрігер антибиотиктер тағайындап, туындаған асқынуларды ерте анықтайды.

Желшешектің алдын алу

Инфекциялық кезең кезінде басқа адамдармен байланыста болуға болмайды.

Егер де сізбен байланыста болған адамдарға жұққан болса, оларға байланыс болған сәттен бастап 2 апта ішінде тері бөрткендерінің пайда болуын қадағалауға кеңес беріңіз. Бір отбасындағы аурудың таралуының алдын алу мүмкін емес.

Артқа
Яндекс.Метрика