Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қауіпсіз иммунизация13.11.2017ж.

Иммунопрофилактика-  инфекциялық аурулардан қорғану үшін вакцина арқылы жасанды иммунитет қалыптастырудағы әдістің бір түрі болып табылады.

Екпе –бұл әртүрлі   жұқпалы аурулардан тұратын жұқпалары бар немесе сол өмірсүргіш микробтардан тұратын  микроорганиздерден дайындалған препарат. Екпені  дайындаған кезде, жұқпа көзі жойылып немесе сондай әлсіз күйде болады да ешқандай аурушандық танытпайды,  бірақ ағзаның иммунитетін қалыптастыруға шамасы жетерлік..

Екпе дайындаған кезде өте қатаң талаптар қойылады..

Екпе дайындау кезінде  екпенің қауіпсіздігі, зиянсыздығы, тиімділігізертханалық, клиникалық бақылаудан өтеді.

Екпені  дайындау мерзімі мен өндіріп шығару кезеңі ұзаққа созылады. Сондықтан да өндірушілермен   шығарылатын екпенің әр партиясы тексеріліп отырады.  Екпені қай мемлекетте  қолданатын болса, сол  мемлекетте қатаң түрде тексеруден өтеді.

ҚР тұрғындарды иммунизациялауға мемлекеттік тіркелуден өткен вакциналар қолданылады. Вакцинаның қауіпсіздігі, тиімдігіне және сезімталдылығына мұқият талдау жасалады. Бұдан кейін ғана мемтіркеуден өтеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған вакциналар сатып алынады.

Халық арасында инфекциялық аурумен күресу жолында  жоспарлы иммунизация жыл сайынғы тәжірибеден сапалы нәтиже көрсетіп отыр. Жоспарлы иммунизация төмендегі инфекциялармен дифтерия,көкжөтел, сіреспе,қызамық, полиемиелитпен  күресу жолында маңызды іс –шаралардың бірі болып табылады.

 Ең қауіпті инфекциялық аурулар оба,баспа  екпеден кейін толығымен жойылады.

Дүние жүзінде жұқпалы аурулармен күресу үшін екпе алу  ең тиімді және қол жетімді, қолайлы тәсілдің бірі болып табылады.

Екпеден кейін адам ағзасының қарсы реакция беруі заңды құбылыс. Бұл қалыпты жағдай. Реакциялар жергілікті және жалпы түрде болады. Екпе жасаған орны қызарып, не ісінеді. Жалпы реациялар әлсіздік, бас ауруы, дене қызуы көтеріледі. Әдетте, 1-3 күнге созылады.

Жыл сайын Қазақстанда екпе алғандардың саны  95,0% және одан да жоғары  деңгейге жетуде.  Екпе алғандардың жоғары деңгейі ұжымдық иммунитеттің  ( популяциялық) қалыптасуын  қамтамасыз етеді.

Ұзақ жылдар бойы  тұрғындарға  екпе жасаудың арқасындавакцинамен басқарылатын жұқпалардың тұрғындар арасында төмендеуіне және ТМД мемлекеттерінің арасында біздің елімізді осы көрсеткіштер бойынша  ең алдынғы қатарға шығаруына көмектесті.

Мысалы, соңғы 20 жылда Қазақстан Мемлекетіміздің аумағында қызамық аурушаңдығы 2000 ретке, көкжөтел 15,7 реткедейін төмендеген.

Екпеге дейінгі кезеңде (екпе 1998жылы басталған)  «В» гепатитінің аурушаңдығы 1995жылы 965жағдайға төмендесе, 2015жылы 2 жағдайға, 2016жылы аурушаңдық тіркелген жоқ.

Екпе жасаудың арқасында қызылша аурушаңдығының бұрқ етіп өсіп кетуін қадағаласақ, 2016 жылы 2015жылға қарағанда қызылша аурушаңдығының көрсеткіші 19,5 ретке төмендеген.

Қазіргі кезде мемлекетіміз  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық Европалық аймақтарымен бирге  қызылша мен қызамық аурушаңдығын мүлдем жою кезеңінде тұр.

Қазақстан  мемлекеті басқа мемлекеттер сияқты полиомиелиттен адамемлекет болып сертификатталған.

Екпе жүргізілу жұмыстарын жетілдірумен қатар  екпеге қарсы жалған ақпаратты  насихаттау да жүргізілуде. Бұл теріс насихаттың мақсаты- тұрғындар арасында дүрбелең туғызу, екпе жасаудан бас тарту. Ол өз кезегінде егілген адамдардың азаюына және вакцинамен басқарылатын жұқпаларға ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Сонын нәтижесінде қызылша, қызамық, күл  және т.б жұқпалардың бұрқ етуі мүмкін.  Екпеге қарсы насихаттау жұмыстары көбінесе бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет желісінде жарияланады, ұялы телефондар арқылы кеңінен таралады. Антиекпе туралы ақпараттардың ешбір ғылыми негізі жоқ.

ҚР тұрғындары ұлттық күнтізбеге сәйкес 21 жұқпалы ауруға тегін егіледі, олар кокжөтел, қызамық, эпидемиялық паротит, күл, сіреспе, туберкулез, вирусты гепатит, полиомиелит және т.б.

Естеріңізге саламыз, Өскемен қаласы бойынша тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жалғасуда.

Өскемен қаласы бойынша бюджет тарапынан тұмауға қарсы келесі адамдарға екпе  тегін жасалады:

 

Өскемен қаласының тұргындары  үшін ақылы екпе алуға болатын кабинеттер жұмыс жасайды:

Естеріңізде болсын! Ауруып ем іздегенше,  ауырмайтын жол ізде!

Артқа
Яндекс.Метрика