Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Өкпе қатерлі ісігінің алдын алу19.10.2017ж.

Біздің Республикамызда онкологиялық ауруларға шалдығушылық және осы дерттерден өлу құрылымында өкпенің ісігі бірінші орын алады. Жыл сайын өкпе қатерлі ісігіне 3500 жаңадан шалдығушылық анықталады. Қатерлі ісіктердің пайда болу қауіпі 50 жастан асқан адамдарда өсуде. Әйелдерге қарағанда, өкпе қатерлі ісігі ер адамдарда 3-10 есе жиірек пайда болуда.

Өкпе қатерлі ісігінің дамуына не әкеліп соғады:

  1. Темекі шегушілік;
  2. Зиянды өндіріс (уран кені, асбест, ауыр металдар, иондық сәулелендіру, мұнайды өңдегенде өндірілетін заттар);
  3. Қоршаған ортаның өнеркәсіпке, ауа-райына байланысты қауіптілігі;
  4. Тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары;
  5. Тұқым қуалаушылық.

Өкпе қатерлі ісігінің ерте білінетін белгілері жоқ, алайда бұл дерттен мына жағдайларда сезіктенуге болады:

  1. Себепсіз әлсіздік, шаршағыштық, демігу;
  2. Құрғақ жөтел;
  3. Қан түкіру негізгі белгі емес, бірақ дәрігерге қаралғаныңыз жөн;
  4. Дауыстың қарлығуы;
  5. Кеуде тұсының белгілі бір уақыт шамасында шаншуының қайталануы;
  6. Дене қызуының көтерілуі.

Өкпе қатерлі ісігінің дамуына әкеліп соғуы мүмкін аурулар:

  1. Созылмалы өкпе қабынуы (пневмония), обструктивтік бронхит;
  2. Пневмокониоздар;
  3. Өкпедегі созылмалы іріңді процестер;
  4. Өкпе туберкулезі.

Бұл кеңестер Сізге денсаулығыңызды сақтауға көмек береді:

  1. Темекі шекпеңіз;
  2. Химиялық заттармен жұмыс істеген кезде тыныс жолдарды сақтаудың дербес құралдарын пайдаланыңыз;
  3. Созылмалы аурулар болған жағдайда үнемі тексеріліп тұрыңыз және уақытымен емделіңіз;
  4. Бөлмені мұқият желдетіңіз;
  5. Сәулелендіру көздерінен жеткілікті қашықтықта болыңыз, немесе олардың қасында болу уақытын қысқартыңыз.

Есіңізде болсын: әйтсе де Сіз өкпе қатерлі ісігіне шалдықсаңыз, өмірден түңілудің қажеті жоқ. Қатерлі ісікті алғашқы сатысында толығымен емдеуге болады.

Өкпе қатерлі ісігінің алдын алуға және емдеуге болады!!!

Дәрігерге уақытында сеніммен қаралу Сіздің айығуыңыздың кепілі!

 

Шығыс – Қазақстан облостық Онкологиялық диспансері Б.Ж. Баталов

Артқа
Яндекс.Метрика