Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Пресс-релиз22.08.2017ж.

        Шығыс Қазақстан облысы қан қызметінің  жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында пациенттерге трансфузиялық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында және клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша үздіксіз оқытуға қатысты 2017 жылы 22 тамызда сағ:10.00-де «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК – да  облыстық конференция өткізіледі. Конференцияға стационарлық көмек көрсететін және емделушіге құюға арналған  компоненттер мен препараттарды  пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігер-трансфузиологтары, хирургтары, реаниматологтары, гематологтары, акушер-гинекологтары қатысады.

Конференция бағдарламасы:

1. «Эритроциттік   жүзгінді, жаңа  мұздатылған плазмалар  мен криопреципитатты клиникалық қолдану» -  Евгений Борисович Жибурт - Мәскеу қаласының «Н.И.Пирогов атындағы ұлттық медициналық-хирургия орталығы» ФМБМ – сі  РЖҒА-ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігерлер білімін  жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі,  Ресей трансфузиологтары  қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, гемотрансмиссивті жұқпалар бойынша  қан құю Халықаралық қоғамы жұмыс тобының мүшесі, ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің қан қызметін Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Американдық (American Association of Blood Banks), қан банктері қауымдастығының мүшесі, Халықаралық қан құю қоғамның мүшесі (International Society of Blood Transfusion), Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнертапқышы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, 1000 – нан  астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 42монографияның  және «Трансфузиология» оқулығының  авторы.

2. «Тромбоциттерді клиникалық қолдану. Қан құйғаннан кейінгі сепсис»  - Сергей Русланович Мадзаев,  Мәскеу қаласының  « ФМБМ – сі   медицина ғылымдарының докторы, дәрігерлер  білімін  жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының доценті.

3.  «Жіті  массивті қансырау кезіндегі  қан айналымының менеджменті» -  Алматы мемлекеттік  дәрігерлер білімін жетілдіру институтының анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы.

 

Артқа
Яндекс.Метрика