Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Жасөспірімдердің темекі тартуы16.08.2017ж.

Жасөспірімдердің темекі тартуы бірқатар себептерге байланысты алаңдатушылық туғызады.

Біріншіден, жасөспірім шағында күнделікті темекі тартуды бастаған бала, өмір бойы темекі тартады.

Екіншіден, темекі тарту созылмалы аурулардың (жүрек, онкология, өкпе эмфиземасы аурулары) даму тәуекелін арттырады.

Үшіншіден, әдетте темекі тартумен байланысты созылмалы аурулар кемелденген шақта пайда болғанымен, жасөспірім – темекі шегушілерде жөтел, тыныс жолдарының дисфункциясы, демікпе және респираторлық симптомдар пайда болады.

Жасөспірімдердің темекі тарту себептері қандай? Жасөспірімдер темекі тарту үшін себептер өте көп, солардың кейбіреулері:

Алайда аздап және кейде тартып бастау жолымен, білінбей темекіге, никотинге деген нағыз әдет пайда болады.

Нейротроптық у болып табылатын никотин, әдетке айналады әрі онсыз қалыптасқан рефлекстерді игеру қиынға соғатын болады. Көптеген аурулар бірден пайда болмайды, белгілі бір жылдар өткесін (өкпе және басқа ағзалардың обыры, миокард инфарктісі, аяқтың т.б шіруі) байқала бастайды.

Оқушылар өз денсаулықтарына қарай алмайтын болғандықтан әрі есеймегендіктеріне байланысты темекі шегудің салдарларын біле бермейді. Оқушы үшін 10-15 жас (аурулардың белгілері пайда болғанда) ұзақ мерзім сияқты болып көрінеді, ол бүгінгі күнмен өмір сүреді, әлі уақыт бар, кез келген уақытта темекіні қоямын деп ойлайды. Алайда, темекіні қою оңай емес, мұны кез келген темекі шеккіштерден сұрауыңызға болады.

Темекі тартатын жасөспірім қыздардың сауалнамасы. Сіз неге темекі тартасыз деген сұраққа? Жауаптар келесідей болды:

Жасөспірімдер үшін темекі тартудың зияны:

Темекі тартқан кезде жасөспрімдердің жадысы қатты зақымданады. Эксперимент көрсеткендей, темекі тарту жаттау жылдамдығын және жады көлемін төмендетеді.

Сондай-ақ, қозғалыстағы реакцияны бәсеңдетеді, бұлшықет күші төмендейді, никотиннің әсерінен көз көргіштігі нашарлайды.

Алғаш рет 25 жастан бастап тартқандарға қарағанда, жасөспірім (20 жасқа дейін) шағынан бастап темекі тартқан адамдардың арасында өлім жағдайы анағұрлым жоғары болады.

Жасөспірімдер темекі тартқан кезде көру қыртысының патологиясы пайда болады. Темекі шегетін жасөспірімдерде көз көру түс сезімталдығының өзгеруіне байланысты бояуы өшкінденіп, сан алуан қабылдауы төмендеуі мүмкін. Бастапқыда оқу кезінде жылдам шаршағыштық байқалады. Сосын көзде шұбарлану мен қосарлану басталып, ақырында, көздің көргіштігі азаяды, темекі түтінен пайда болған жас ағу, қызару және қабақтың ісуі көру жүйкесін созылмалы асқынуға әкеп соғады. Никотин көз торқабығын өзгертіп, нәтижесінде жарыққа сезімталдық төмендейді.

Темекіні көп тарту кезінде қатты уланудың байқалуы сияқты, соңғы уақытта окулистерде соқырлықтың жаңа атауы – темекі амблиопатиясы пайда болды. Әсіресе балалар мен жасөспірімдердің сілемейлі көз қабықшасы темекі түтіні өнімдерімен ластануына сезімтал келеді.

Никотин көз ішінің қысымын көтереді. Жасөспірім жасында темекі тартуды қою глаукома сияқты, қатерлі аурудың алдын алу факторының бірі болып табылады.

Жасөспірімдердің темекі тартуы көпшілігінің қалқаншабез қызметін белсендіреді, нәтижесінде темекі тартатын жасөспірімдердің тамыр соғысы жиілеп, температурасы артады, шөлдеу, ашуланғыштық пайда болады, ұйқысы бұзылады. Ерте бастан темекіге әуестік теріні – безеу, себореямен зақымдайды, бұл тек қалқаншабездің қызметін ғана емес, басқа да эндокриндік жүйенің басқа бездерін де өзгеіске ұшыратады.

Темекі тарту жүрек бұлшықетінің ерте тозуына әкеліп соғатыны бәріне мәлім. Тамыр қозғалысы орталығын тітіркендіріп және перифериялық тамыр қозғалысы аппаратына әсер етіп, никотин тонусты арттырады және тамырлардың жиырылуын туғызады.

Темекі шекпейтіндерге қарағанда, темекі шегетін жасөспірімдер тамырының созылғыштығын жоғалту анағұрлым қарқынды келеді.

Темекі шегетін жасөспірімдер санының артуына байланысты өкпе обырының саны да арта түсті. Осы аурудың ерте белгілерінің бірі – құрғақ жөтел. Ауру өкпенің аздап ауруымен байқалуы мүмкін. Негізгі белгілері – тез шаршау, әлсіздікдіктің жоғарылауы, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі.

Темекі тарту, әсіресе темекі тартатын жасөспірімдерде, қалыпты еңбек пен демалыс режімін бұзады, тек никотиннің орталық жүйке жүйесіне әсер етуінен ғана емес, сондай-ақ сабақ кезінде темекі тартқысы келудің пайда болуынан да көрінеді. Бұл жағдайда оқушының ойы толығымен темекі туралы болады. Темекі тарту қабылдау тиімділігін және оқу материалын жаттауды төмендетеді, есептеу операцияарының дәлдігін азайтады, жады көлемін кемітеді. Темекі тартатын жасөспірімдер басқалар сияқты үзілісте дем алмайды, өйткені, олар сабақтан кейін бірден әжетханаға асығып және темекі түтінінің астында және басқа да әртүрлі зиянды уланулармен өзінің никотинге деген тұтынымын қанағаттандырады. Темекі түтінімен жұтылған улы қоспалардың біртұтас әсері бас ауыруын, ашуланғыштықты туғызады, еңбекке қабілеттілікті төмендетеді. Нәтижесінде оқушы келесі сабаққа қабілетсіз күйде келеді.

Өте ерте темекі тарту бойдың өсуін кешіктіретіні анықталған. Тексеру кезінде байқалғандай, тек бойдың ғана емес, темекі тартпайтын құрдастарына қарағанда, темекі тартатын жасөспірімдердің кеуде көлемі де азырақ болған.

Никотин дене күшін, төзімділікті азайтады, қозғалыстың жылдамдығы мен үйлесімді төмендетеді. Сондықтан да спорт пен темекі бір-біріне сәйкес келмейді.

Жастар үшін темекінің бағасы міне осындай. Өкінішке орай, жасөспірімдер жас ерекшелігіне қарай темекі тартудың қиын салдарларын толық дәрежеде түсінбей келеді.

 

«Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК №2 КДБ аға медбикесі Павлова Наталья Дмитриевна

Артқа
Яндекс.Метрика