Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Таңдай бездері «Бар болуы керек пе немесе жоқ болуы керек пе?»06.02.2017ж.

Өзекті мәселе! Соңғы кездері лор аурулары етек жайып келеді. Жалпы статистика бойынша таңдай бездері ауруымен Жер шарындағы адамдардың жартысынан көбі ауыратындығы анықталып, ал дамыған мемлекеттерде жекелей таралу жағынан 50-70%  құрайды. «Амбулаториялық орталық» мекемесінде 2016 жылы ЛОР дәрігеріне таңдай бездері ауруларымен 63 % науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде: 40% - әйел адамдар болса, 23 %  – ер адамдар.

 Балмұздақ - балалық шақ кезіндегі ең сүйіп жейтін тәттілердің бірі. Бірақ көп жағдайда ата-аналар балмұздақты жеуге көп рұқсат бермейтін. Егер армандаған тәттілеріміз қолымызда бола қалса, қайта қайта бізге тез тістеп, көп мөлшерде жеп қоймауымызды қадағалап, тамағымыз ауырып қалады деп қорқытатын. Иә, осыдан кейін көпшілігінде ТАМАҚТАРЫ АУЫРА БАСТАЙТЫН. Алайда, тамағымыз балмұздақтан ған емес, суық сусын ішкеннен де, үйде жалаң аяқ жүргеннен, даладағы суық ауа райынан және т.б. ауыруы мүмкін. Дәрігер әрдайым амбулаториялық картамызда – тонзиллит (бадамша безінің қабынуы) деп жазатын. Тонзиллит дегеніміз не? Бұл неге кейбіреулерінде сирек кездесіп, ал кейбіреулерінде –  өмір бойғы «серігі»?.

Тонзиллит – бұл таңдай бездерінің қабынуы, ол өткір (ангина) немесе  созылмалы болады. Созылмалы деп отырғанымыз, ангина екі немесе оданда көп рет қайталануы. Бұл ауру иммунитеттің төмендеуіне алып келеді де, қайта қайта суық тиіп қалуға шалдықтырып, қауіпті асқынулар: жүрек, буын, бүйрек және т.б. ауырулардың дамуы мүмкін. Таңдай бездерінің кеуекті құрылысы бар, барлық жағы ылғалды тесікті қуысымен қапталған. Ол бізге табиғаттан берілген сыйлық, олар микробтарды залалсыздандыруға арналған. Егер ауру тудыратын ағзалар  шабуыл жасаса таңдай бездерінің «майдан алаңында» шайқас басталады, бірақ таңдай бездерінің күш-қуаты мен ауқымдылығына жырыңды болған қолбасшы қызғанушы еді! Міне, «жау» жойылғанан кейін масаттанып, жеңілдеу пайда болады. Өйткені ауру кетіп, қабыну жоғалады. Ура! Тәніміз сау! Ал таңдай бездерінің «майдан алаңының»  қабынуы ше?. Ауыр шайқастан кейін оның беткі қабаты өлген микробтар, торлар, ақ қан денелер осылардың бәрі іріңді тығынды түзеді. Міне осы тығындардан барлық ағзаға қауіп төнеді. Іріңді тығындар таңдай бездерін «бітеп», олардың иммунды ағза болып жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сонымен қоса, таңдай бездері іріннің ішінде өзін жақсы сезініп, ауру тудыратын микробтар жайылып, ағзаның үздіксіз улану арнасы болады. Соған байланысты көңіл-күйіміз түсіп, әлсіздік, бас ауруы, бұлшық ет пен буындардың ауруы, тіпті дене қызуының көтерілуі көп уақытқа дейін сақталады. Міне, барлығы  бұзылып, таңдай бездері өздерінің ең басты– қорғағыштық функцияларын орындай алмай, олардың өздері жұқпаның қайнар көзіне айналады. Созылмалы тонзиллиттің (ангина кезінде) қабынуы кезінде буындардың, жүрек пен бүйректің  қауіпті асқынуына әкеліп соғады. Енді істі өз бетімен жібермеіз бе? Әрине жоқ!.

Біз таңдай бездеріне көмек көрсету керекпіз! Ең бірінші олардың иммунды ағза қызметін орнына келтіріп, ағзаның микробтарға төтеп беру қорғанышты  күштерін арттырып, созылмалы тонзилиттің қабынуының алдын алуымыз қажет. Таңдай бездерінің табиғи функцияларын қалпына келтіру үшін іріңді тығындардан құтылу керек. Оған кешенді түрде кірісу қажет. Біріншіден, ЛОР-дәрігердің кабинетінде таңдай бездерін арнайы ерітінділермен шайқау керек, сонымен қоса тамақты үйде шаю. Екіншіден, таңдай бездерінің өздігінен тазаруы үшін табиғи қабілеттерін қолданауға ықпал ететін дәрі-дәрмектерді қолдану. Мысалы, ТОНЗИЛОТРЕН, ИММУПРЕТ табиғи дәрі-дәрмектер, таңдай бездерінің «өз қалпына» келуіне көмектеседі де, тамақтың ісінуімен, ауырсынуын басады, қалпына келтіреді, тазартады да, аяғында оның тінілердің жазылып, бастапқы қорғаныштық  функциясы қалыпқа келеді. Сонымен қоса, Тонзилотрен толықтай ағзаның барлық иммунитетін қалыпқа келтіріп, тонзиллиттің созылмалы түрін емдеу мақсаттарын айқындап – ағзаның қорғаныштық күшін арттырады.

Тонзилотрен және Иммупретті аурудың алдын алуы үшін де қабылдау, сіздің күз-көктем кезіндегі созылмалы тонзиллиттің қабынуынан сақтануына көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, 1,5-2 айлық емделу курсын төзімділікпен өтіп, дәрі-дәрмектерді уақытылы ішу керек. Күніне 3 рет, 1 таблеткадан ішке қабылдап, ұзаққа созылатын проблемаларды емдеу мен оңалтуда мұқият шешімдерді қабылдау керек. Тамақ аурулары: тамақтың кеуіп, жыбырлауы басталмай тұрып уақытылы алдын алу шараларын қолдану. Сонымен қатар бұл кезеңде жұқпалардың ары қарай жайылуына жол  бермеу үшін  қабынуды басу.

Көптеген клиникалық зерттеулерге сүйене отырып ғалымдар таңдай бездері маңызды ағзаларға жатады да, маңыздылығы жағынан иммунитеттің сүйек кемігі мен шеміршектің жанында орналасқан. Таңдай бездерін алдыру – бұл ағзаның қорғаныштық күшіне қатты соққы келтіреді.

Сол себепті «Бар болу керек пе немесе жоқ болу керек пе?» деген сұраққа оториноларинголог мамандар бір ауыздан: «Болсын!» дейді.

Таңдай бездерінің алынып тасталатын  кезі:

  1. Таңдай бездерінің зақымданып, қорғаныштық функцияларын қайта қалпына келтіре алмай, жұқпалардың таралу ошағына айналуы кезінде.
  2. Жүрек, бүйрек, буындар жағынан асқынулар пайда болғанда.
  3. Консервативтік емделуге жатпаса.

 

«Амбулаториялық орталық» мекемесі ЛОР дәрігері Нирша Лариса Васильевна

Артқа
Яндекс.Метрика