Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

16 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.01.11.2016ж.

2016 жылдың 16 қарашасында әлемде  Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні өтеді. Статистика бойынша жер шарының 6 пайыз тұрғыны осы дертке шалдыққан. Мәліметтер бойынша 2014 жылы қант диабетінен әлемде 1980 жылғы 108 миллионмен салыстырғанда 422 миллион ересек адам зардап шеккен. Ауру өмір сапасын төмендетеді, мүгедектікке, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

Диабет - ұйқы безінің инсулинді (қан құрамында қанттың немесе глюкозаның құрамын реттейтін гормон) жеткілікті өндіре алмауынан немесе ағзаның өндірілген инсулинді тиімді қолдана алмауынан туындайтын қауіпті созылмалы ауру.

Қант диабетінің екі түрі бар: 1 және 2 тип.

1 типтегі - инсулин бөліну төмендеуі немесе болмауы.сондықтан күнделікті инсулин препаратын қабылдау керек.

2 типтегі – ағзаның инсулинді тиімсіз пайдалануы. Бұл типпен ауыратындар 90 пайыз. Бұрын диабетпен ересектер ғана ауырса, қазір балалар да ауыра бастады. Жүкті әйелдерде болатын қант диабеті де болады. Ол гестациялық қант диабеті деп аталады.

Қант диабетінің себептері:

тұқымқуалаушылық, семіздік, баланың салмағы 4 кг-нан артық болуы, жүктілік кезінде ауыру, жоғары қан қысымы, басқа да аурулар, ауыр инфекциялар, химиялық агенттер, токсиндер, өт зақымдануы, психологиялық жарақат алу (жақыны қайтыс болу).

Қант диабеті белгілері: шөлдеу, ауыз құрғау, күніне 5 литрдей көп су ішу, үнемі қарны ашу, салмақ қосу, тері қышу, тері жарақаты ұзаққа дейін жазылмау, суық тию ауруларына қарсы тұра алмау.

Қант диабеті түрлі асқынуды тудыруы және жалпы мезгілсіз өлім-жітім қаупін арттыруы мүмкін. Оған инфаркт, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі, аяқты кесу, көру қабілетінен айырылуы, жүйкенің зақымдалуы және т.б. жатады. Қант диабетінің алдын алу –қатаң қажеттілік. Өкінішке орай, 1 типтің алдын алу шаралары жоқ.

Қант диабетінің 2 типінің алдын алу, аурудың асқынуын және мезгілсіз өлім-жітімді болдырмау үшін тиімді тәсілдер қолжетімді, мысалы

-үнемі дене белсенділігі (кемінде күніне 30 минут),

-дұрыс тамақтану (қант пен қаныққан майды тұтынуды шектеу),

- темекі шегуден (жүрек-қантамыр ауруының даму қаупін арттырады) бас тарту, сондай-ақ артериялық қан қысымы мен липидтердің мөлшерін бақылау.

-жан тыныштығын  сақтау,өйткені күйзеліс ауруды асқындырады.

Егер сіз немесе жақындарыңыз қауіп тобында болсаңыз да еңсеңіз түспесін. Қант диабетінің заманауи алдын алу шаралары қалыпты өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді және осы дерттің даму қаупін төмендете алады.

Тургумбаева Альмира Лукбековна, зам директора ВК Областного центра ФЗОЖ

Артқа
Яндекс.Метрика