Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

«Денсаулықтың қайнар көзі» фотоконкурсы26.07.2016ж.

 

Шығыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы емшектегі және ерте жастағы балалардың денсаулығы мен аман қалуының қайнар көзі – емшекпен емізуді насихаттау мақсатымен Бүкіләлемдік және Ұлттық емшекпен емізудің аптасы (2016 жылдың 1-8 тамызы) аясында «Денсаулықтың қайнар көзі» фотоконкурсын өткізеді. 

Қатысушылардың фототүсірімдері «Ана мен бала» тақырыбы бойынша «Денсаулықтың қайнар көзі» номинациясында берілуі қажет. 

Конкурстық жұмыстар мен тапсырыстар Ұйымдастыру комитетіне 2016 жылдың 01-ші тамызында 8 сағат 30 минуттан 17 сағат 00 минутқа дейін беріледі. Фотографиялар электронды және басылған түрде (формат    20*30, немесе А4)  Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шығыс Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» КМК-ына мына мекенжайға: Өскемен қаласы, Әуезов көшесі, 26, 8-қабат, 802-ші кеңсеге қолма-қол тапсырылады.

Фотожұмыстар міндетті түрде түрлі-түсті болуы қажет және фотоконкурсқа қатысуға тапсырыс қоса беріледі (http: //vkozozh.kz/?page id=844 сайттан қараңыз). Тапсырыста жұмыстың атауын, автордың аты-жөнін, жасын, байланыс телефоны мен қойылған қолын көрсету қажет.

Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды тағайындау ғаламтор арқылы дауыс беру қорытындылары бойынша Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асады. 

Конкурстық комиссияның дауыс беруі фотожұмыстарды қабылдау біткеннен кейін 2016 жылдың 4-ші тамызында өтеді.      

Ғаламтор арқылы дауыс беру http: //vkozozh.kz/ сайтында 2016 жылдың 4-ші тамызында сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Фотоконкурс қорытындысы бойынша 2 (екі) жеңімпаз анықталады: біреуін Конкурстық комиссия анықтайды, ал екіншісін ШҚОСӨСҚО-ның http: //vkozozh.kz/ сайтында ғаламтор арқылы дауыс берумен анықталады.

Жеңімпаздар мен жұмыстың аттары ШҚОСӨСҚО-ның ресми http: //vkozozh.kz/ сайтында жарияланады.

Жеңімпаздарды марапаттау мына мекенжайда: Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 37, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ана мен бала орталығы» КМК-ның  3-ші қабатында конференц-залда 2016 жылдың 5-ші тамызында сағат 15.00-де болады. 

Қосымша хабарламаларды фотоконкурстың ұйымдастыру комитетінен 8-771-202-00-02, 25-48-57, 25-27-69 телефондары арқылы алуға болады.

 

 

«Денсаулықтың қайнар көзі» фотоконкурсын өткізу туралы ереже

 

Артқа
Яндекс.Метрика