Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Ішектің өткір жұқпалары16.06.2016ж.

Ішектің өткір жұқпалары өз алдына әр түрлі микроағзалардың әрекеті арқылы болатын үлкен жұқпа аурулар тобын құрайды. Ішек-қарын жолдарының жұмыстары және улану белгілері кезінде ауытқулардың пайда болуы оларға ұқсас мінздемелерімен біріктіріледі.

Тамақтан қатты улану ішектің өткір жұқпаларының нәтижесі болып табылады.

Жұқпаның арнасына енетіндер: қоздырушыларды таратушы науқас адамдар  мен жан-жануарлар.

Жұғудың себептері жұқпа ауруларын тасымалдайтын азық-түліктерді қолдану, ішектің өткір жұқпасы бар адамдармен қарым-қатынасқа түсу, ішектің дисфункциясынан зардап шеккен науқастар мен бактерия тасушыларға байланысты болады. Ішектің өткір жұқпалары кеңінен таралған ауруларды, олардың көбі тыныс алу ауруларына әкеліп соғады, осыған байланысты 60 % балалар ауруға шалдығуда. Ішектің жұқпа аурулары ең көп жағдайлар жаз кезінде байқалады. Ішектің өткір жұқпалары (ІӨЖ) қазіргі уақытқа дейін балалық жастағы тұмау аурулары мен өткір респираторлық жұқпаларға орын беріп, жұқпа патологиясы жүргізуші орын алады.

Ішектің өткір жұқпаларымен жұғудың негізгі жолдары – нәжісті-ауызбен, ол баланың ауызы арқылы ішке түсуі. Жұғудың мұндай жолы тазартылмаған ауыз суы арқылы, ойыншықтар, емізік, тамақ, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы болады. Осылай бала жерге құлап қалған ойыншықты немесе емізгекті ауызына салып, бала ішектің жұқпа ауруларын қоздырушы мөлшерін түсіруі мүмкін.

Жаз мезгілінде ішекітің өткір жұқпаларын қозыдрушылар су арналарында, көбінесе тұнып тұрған су арналарында табылып жатады. Бала суды ішіп қана қоймай, оны дем арқылы немесе шашыранды су тамшысын жұтып қою арқылы жұқтырып алуы мүмін. Кез келген микробтар мен вирустар сәбидің ауызына ата-аналарының немесе басқа сәбиді қаралап жүрген адамдардың қолдарының кірінен түсуі мүмкін. Бұл көбінесе дұрыстап жуылмаған жемістер мен жидектерінен өз бетімізбен дайындаған шырыннан болуы әбден ықтимал.

Сонымен бірге жұғу баланың жұқтырылған ауруы бар жан-жануармен қарым-қатынасқа түскенде, мысалы оның ішектің жұқпа аурулары қоздырғышы бар жүнін сыйпап алғананн кейін, бала қолын ауызына салып немесе ойыншығын, өзінің жеп жүрген тамағын ұстайды. 

Ішектің өткір жұқпаларының негізгі белгілері болып: жүрек айыну, іш өту, іштің ауруы, дене қызуының көтерілуі. Балада жоғарыда айтылғандармен бірге жұқпаның белгілері болып: мазасыздану, іш өту, тамақтан бас тарту. Ішектің өткір жұқпаларының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, дәрігерге баруды кейінге қалдырмаңыз.

 Ішектің жұқпаларын емдеудің курсы келесілерден тұрады: емдәмді ұстану, көп мөлшерде сұйықтықты ішу, антибиотиктерді тағайындап, энтеросорбенттерді қолдану.

 

«Амбулаториялық орталық» мекемесінің

Дәрігер-терапевті Шерьязданова Г.С.

Артқа
Яндекс.Метрика