Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қауіпті кенелердің шағып алуынан қорғануыңыз қажет!12.05.2016ж.

 

Кене энцефалиті- қауіпті жұқпалы аурушаңдық, аурушаңдық асқынып кеткен жағдайда орталық жүйке жүйесін талқандап мүгедектікке немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін.Жалпы бұл аурушаңдық кенелердің белсенді кездері яғни көктем және жаз айларында тіркелінеді.

ШҚО аумағындағы Глубокое, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті( Самар ауданы), Ұлан, Шемонайха аудандары , Риддер және Өскемен қаласы маңайы  кене энцефалитінің табиғи шақтары болып табылады.

2015 жылдың эпидемиядық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалиті аурушаңдығы 15 жағдай тіркелген

2015 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін 10 елді мекен аумақтарында  Зырян, Зайсан, Катон-Қарағай, Ұлан аудандарында, басым көпшілігі Риддер қаласы (47%) маңайында кене энцефалиті жұқпасын жұқтырған.

Өскемен қаласы бойынша көп жылғы  кене энцефалиті аурушаңдығы 

жылдар

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж

2009ж.

2010 ж.

2011гж.

2012ж.

2013гж.

2014ж.

2015 ж.

Жағдайлар саны

4

1

3

0

9

1

7

3

1

2

3

2016 жылдың 23 наурыздан бастап 20 сәуір айы аралығында  Өскемен қаласы бойынша кене шағып алудан 330 адам тіркелген, оның ішінде аурушаңдықтың алдын алу мақсатында 317 адам аурушаңдыққа қарсы иммуноглобулин алған, кене шағып алған тұлғаларға серопрофилактикамен  -96% қамтылған.

Аурушаңдықтың таралу жолдары

Аурушаңдықтың негізгі жұқтырушы көзі иксодтық кене.Кене адам денесіне тап болған жағдайда,кене  аурушаңдық қоздырғыштарын адамның қаны арқылы кіргізеді.

Кене энцефалиті жұқпасы  шикі (қайнатылмаған) ешкі немесе қой сүті арқылы беріледі.

Кене энцефалиті аурушаңдығы адамнан адамға жұқпайды.

 

Қауіптілігі  жағынан басым болып келетін аурушаңдықтың негізгі таратушылары -иоксидтік кенелер, бұл кенелер адам денесіне әр түрлі жолдармен тап болады:

Біріншіден орманды дала аудандарында, орман ішінде серуендеу кезінде.

Екіншіден саяжай кезеңі қызып тұрған шағында, саяжай учаскелері және таяу орналасқан орман алаңдары, орман бақтары, қала маңында орналасқан аймақтары кене энцефалиті аурушаңдықың көшеттері болуы мүмкін.

Үшіншіден энцефалиттік кенелер адам денесіне орманнан әкелінген ағаш бұтақтарынан,үй жануарлары жүнінен немесе басқа да заттар арқылы тап болуы мүмкін.

Аурушаңдықтың негізгі белгілері

Кене энцефалитына жататын негізгі аурушандықтар:

- дене қызуының күрт жоғрылап кетуі;

- бас ауыруы;

- әлсіздік;

- жүрек айнуы;

- лоқсу;

 Аурушаңдықтың бірінші белгілер байқалған жағдайда аурушаңдықтың қаіптілігін төмендету ушін шұғыл түрде дәрігер көмегіне жүгіну қажет.  

Кене шағып алудын алдын алу іс-шаралары

 

Егер сізді кене шағып алған жағдайда не істеу қажет?

Егер сізді кене шағып алған жағдайда арамзалықпен ішке кірген кенені келесі шараларды қолдана отырып алып тастау қажет:         -

- кенені жұлып алмау қажет, себебі жұқпа көзі сілекей шырыштыларында болады, яғни оның басында, жұлып алу жағдайында басы жаракат жерінде қалып қоймақ. Кенені неғұрлым тіспен жұлмау қажет –жұқпа көзі ағзаға ауыз қуысы сілекейі арқылы жұқтыру мүмкін.     

- арамзалықпен ішке кірген кенені жіппен байлап, жан жағынан жіптерді ақырындап, артық қимылсыз кененің суырып алынғанынша жіпті жоғарыға тарту қажет.

- кенені жойғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуып, жарақат орнын йодпен немесе спирт тұнбасымен тазартуыңыз қажет.

- кене шағып алғаннан кейін 3 күннен кешіктірмей медициналық мекеме көмегіне жүгіну қажет.

Өскемен қаласында кене шағып алу жағдайында алғашқы көмек көрсететін   тәүлік бойы жұмыс істейтін  серопрофилактика пункттері ашылды.

 Ересектерге:

- «Амбулаторлық орталық» мекемесі (Абай даңғ.,18);

- «№2 қалалық поликникасы» (Бурова к-сі, 61);

- «Солжақжағалау клиникасы» мекемесі ( К.Сатпаев  атындағы д,34/1)

14 - жасқа дейінгі балалар:

«Ана мен бала орталығы» (Өтепов к-сі,37).

Жұмыс күндері (демалыс күндерінсіз) қаланың шалғай учаскелерінде:

- «ЕМ АЛУ плюс» ЖШС (Согра кенті);

-  «Врачебная амбулатория  с.  Меновное» (М. Горький к-сі,11/9). 

         Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

 Кене шағып алуды болдырмаңыздар және ауырмаңыздар! 

 

Артқа
Яндекс.Метрика