Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Қан орталығындағы бактериологиялық зертхананың міндеттері мен қызметтері06.04.2016ж.

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы (ШҚОҚО) бұл медициналық денсаулық сақтау ұйымы Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы қан препараттары және компоненттерімен қамтамасыз етіп отырған ұйым. Тұтастай алғанда дайын өнімнің сапасы бойынша өндіріс процесі туралы айтуға болады. Бактериологиялық бақылау тобы ШҚОҚО-ның сапаны бақылау бөлімінің бір бөлігі болып табылады. Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін донорлық қанды дайындау және қайта өңдеу, өндірістің және өнім шығару талаптарына сәйкес алдын алу мақсатында бактериологиялық бақылау тобы (ББТ) барлық кезеңдерінде жұмысты жүргізеді. Негізгі шарттарының бірі қан және компоненттерді қауіпсіз қолдану олардың зарарсыздығы болып табылады.

Қан препараттарының стерильдігін қамтамысз ету үшін барлық өндірістік процессте бастапқы шикізат және материалдар, аралық өнімдер, алғашқы орама, стерильді материалмен жанасатын жабдық және беті, зең саңырауқұлақтары мен бактерияларының ластануын анықтау үшін бактериялық бақылауға тап болады.

Стерильді шарттарды қамтамасыз ететін зарарсыздықты бақылау білікті қызметкерлермен арнайы бөлмелерде орындалады. Қан компонентінің сапасы туралы алынған қорытындылар негізінде оларды жою және сәйкессіздіктер себептерін анықтау негізгі міндеттен тұрады. Қан өнімінің  сапасын қамтамасыз ету үшін қан өнімдерін дайындаудың барлық кезеңдері қатаң реттелген.

Бактериологиялық зертхана жұмыс істеу үшін бағдарламалық басқарылатын автоматтандырылған заманауи құрал-жабдықтар қолданылады: қоректік ерітіндіні автоматты модульге құю үшін, бактерицидтік контаминация тромбоциттер жүйесін зерттеу үшін, ламинарлық бокс қан компоненттерінің стерильді үлгілерін зерттеу процесінде қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Қан және қан компоненттері стерильді болуы тиіс. 2013 – 2015 жылдар кезеңінде қан өнімдері үлгілерінің барлығы 3257 зерттеу зарарсыздыққа ұшырауы болды. ШҚОҚО – да дайындалған дайын өнім және талдауға салынған (қан, қан препараттары және компоненттері) стерильденген, сәйкесінше - қауіпсіз. Стерильді емес жағдайларды анықтау сынамалар нәтижелері тіркелген жоқ.

ШҚОҚО – ның зертханалық қызметі қазіргі заманғы зертханалармен ұсынылған диагностиканың инновациялық әдістерін қолдана отырып, кең спектрлі зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Қуатты техникалық жабдықталуы, жоғары білікті қызметкерлер қала және облыстардың барлық денсаулық сақтау ұйымдарымен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Зертхана сапаны сырттай бағалау жүйелеріне қатысады. Бұл сапаға бір рет және мәңгілікке қол жеткізу мүмкін емес, тек қызметкерлердің білімі мен дағдыларын жетілдіру, технологиялық талаптарды нақты орындау, жаңа әдістерді  енгізу,  жаңарту  және  жетілдіру жолымен қол жеткізуге болатынын есте сақтау қажет.

 

«Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК 

Сапаны бақылау бөлімінің зертхана маманы     Ю.А.Гунькина

Артқа
Яндекс.Метрика