Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Тұмау. Алдын алу. Белгілері. Ұсыныстар19.02.2016ж.

Соңғы зертеулер бойынша тұмау вирусы адам қолында 5 минутқа дейін өмір сүреді. Егер осы уақыт аралығында адам қандайда бір заттарға қол тиетін болса, вирус сол заттарға көшіп, бұданда ұзақ өмір сүреді. Науқас бала мұрынын, көзін және ауызын 300 реттен көп ұстайды. Вирустар қолдан ойыншықтарға, есік тұтқасына, жалпы қолданылатын заттарға тасымалданады. Статистика бойынша тұмаумен ауыратын  бір науқас адам орташа мөлшерде бес адамға жұқтырады.

Жұқтыру қалай өтеді

Тұмау вирусын оңай жұқтырып алуға болады .Ол науқас адамнан сау адамға ауа-тамшы арқылы беріледі.Сырқатын инкубациялық кезеңі (инфекция кіргенен кейін бірінші клиникалық симптомдар көрінгенге дейін) бірнеше сағаттан 3 күнге деін, көбінесе 1-2 күн болады.Осы уақыт аралығында тұмаудан қорғану шараларын қолдануға болар еді, бірақ бұл кезенде ауыруды бақылау қиын- аурудың толық симтоматикасы өте тез дамиды. Классикалық жағдай: Сіз өзінізді жақсы сезінесіз, бәріне үлгересіз бірақ бір күні өзінізді жайсыз сезіне бастайсыз. Жоғары температура, тамақтың жыбырлауы, бастың ауруы, осы уақыттыа бастап сіздің иммунитет жүйеніздің әсер етуіне байланысты.

Тұмау қандай болады?

Тұмау әр қашан жиі өтеді; егер адам ауырса нақты және ұзақ болады.Клиникада тұмау екі негізгі синдроммен өтеді-интокцикациялық және каторальді (тыныс жолдарының зақымдануы)

Интокцикациялық синдром:

Интокцикациялық синдром бірінші күндері катаральді симтомдардан басымырақ

Катаральді синдром:

Катаральдңі синдром 7-10 күнге дейін созылыды, бәрінен көп жөтел сақталады.

Тұмаумен ауыратын науқастар жиі тітіркенгіш, мазасыз, ұйқысыздықпен зардап шегеді.Бұл нерв жүйесінің инфекцияға жауабы.

Тұмау немен қауіпті?

Тұмау өзінің асқынуымен қауіпті. Аса қауіптілері-менингит, пневмония, менингоэнцефалит. Қазіргі кезде де бұл асқынулар емі сауығуға әкелмейді.

Тұмаудан кейін дамуы мүмкін: бронхит- бронхтың қабынуы, отит – құлақтын қабынуы, синусит – мұрын қойнау қосалқыларының қабынуы, фронтит – мандай қойнауының қабынуы, миокардит – жүрек бұлшықеттерінің қабынуы және т.б.

Тұмау төмендегі  қауіп топтарына кіретін адамдар үшін ерекше қауіпті:

 

Тұмау кезінде не тағайындауға болады?

Тұмау кезінде қарсы көрсетілген және тыйым салынған?

Балалар мен қарттарда өзін-өзі емдеу қарсы көрсетілген. Тұмау ағымын болжау мүмкін емес, асқынулары әртүрлі болуы мүмкін. Тек дәрігер науқас жағдайын дұрыс бағалай алады.

Науқастар мен науқас балалардың ата – аналары өз бетінше антибиотиктерді қолдануға тыйым салынған, өйткені оларда бактериальды асқынулар, аллергиялық реакциялар, сырқаттың созылмалы түрге ауысуы, дисбактериоз, бактерияның төзімділігі  дамуы мүмкін.

 

Семей қ. мемлекеттік медицина университеті Жабаева А.

Артқа
Яндекс.Метрика