Кіру
You can authorize on site with:
Google Vkontakte Mailru

Объективтi «АИТВ бизнеске әсері туралы»26.01.2016ж.

 

«Стратегия -2050 мемлекеттің жаңа саяси бағамы» Қазақстан Республикасының негiзiн қалайтын құжатында Қазақстан 2050 жылы әлемнiң отыз ең дамыған елдерiнің қатарында табылуы көрсетілген.

Елдердiң даму индикаторларының бірі «Жаһандық бәсекелестік қабілетінің индексі» бойынша рейтинг болып табылады. 119 көрсеткіштің бәсекелестiк қабiлетiнiң 12 факторлары анықталады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 140 елдің арасында 42 орында тұр. . (+8 тармақтар)

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингінде мемлекеттік позицияны бағалау үшін жыл сайын 1 наурызға дейiн тәуелсіз эксперттері  Дүниежүзілік экономикалық форумның тәуелсіз емес эксперттері әр түрлi бизнес құрылымдарының басшылары арасынан ішінара сұраунама жүргiзiедi.

Сауалнама бөлімдерінің бір бөлімі «Денсаулық» және сұрақ «Жақынарадағы 5 жылда бизнесті жүргізуге АИТВ/ЖИТС қаншалықты маңызды әсерін тигізеді (АИТВ  өлім жағдайларына, еңбек ету қабілеттілігінен айырылу, медициналық шығын және жерлеу шығындары, өнімділік жағдайлар, жұмысқа шықпау, жалдау, персоналдарды оқыту шығындары, кіріс)?» Жауап 7 балдық межелік  бойынша  бағаланады, және де бизнеске маңызды әсері – 1 балл, ал бизнеске ешбір әсері болмаса -7 баллдық болып бағаланады.  

Өкінішке орай, іс жүзінде көптеген бизнесмендер   АИТВ бойынша нақты жағдайды бағалай алмайды, сонымен қатар ЖБҚИ не екенін  және өзіне қандай бағалау критерилері енетінін білмейді.  Сондықтан сұраунама кезінде бизнес өкілдері АИТВ –жұқпасы бойынша жағдайды әділ бағалауда  шатасады, ол ЖБҚИ бизнесте АИТВ ықпалдық көрсеткіш бойынша ҚР 80 орыннан жоғары көтерілуіне мүмкіндік бепмейді.

Іс жүзінде АИТВ жұқпасын жұқтырған жұмыскерлердің көпшілігі кәсіпорын жұмысына және бизнесті жүргізуге ықпалын тигізуі мүмкін (мысалы африкалық елдердегі сияқты).

Дегенмен Қазақстанда бүгінгі таңда жақын арада  АИТВ аурушаңдық деңгейінің төмен екендігін есептегенде  АИТВ әсері бизнесте нөлді көздейді. (соңғы мәліметтер бойынша 140 елдің арасында Қазақстан АИТВ-жұқпасы аурушаңдығы деңгейі төмен елдердің қатарына жатады және мемлекеттік рейтингте АИТВ  аурушаңдығы бойынша  төмен көрсеткішпен жоғарғы жолды алып тұр). Статистикадағы объективті берілгендерді ескерсе,Қазақстандағы барлық АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың арасындағы жұмыс істейтіндердің салмағы 23 пайызды немесе 6000 жуық адам 70 мыңнан аса орта және ірі бизнес кәсіпорындарында.(бір кәсіпорынға 0,09 АИТВ-жұқпасын жұқтырған адам )

Сондықтан да бүгінгі таңда және жақын арадағы бес жылда Қазақстандағы бизнеске АИТВ-жұқпасының  ешбір негативті әсері жоқ және болмайды да. АИТВ-жұқпасыны жағдайын объективті бағалап, өз еліміздің мәртебесін қолдайық. Егер де басшылардың ішінен кім де кім ЖҚБИ бойынша сауалнамаға қатысса, бизнеске АИТВ әсері туралы позицияда 7 саны сызылып тасталады (ешқандай әсері болмайды).

                                                             И.А. Крук, ЖҚТБ ШҚ ОО дәрігер-эпидемиолог

Артқа
Яндекс.Метрика